&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Адамдар мен тышқандар туралы



Pdf көрінісі
бет442/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Адамдар мен тышқандар туралы
Биоинженерия - алдын ала тұжырымдалған әлдеқандай идеяны 
іске асыру үшін сыртқы кейіпті, қабілет-қарымды, мұқтаждықты неме- 
се тілекті өзгертіп, түрлендіру мақсатымен әбден ойластырылған био- 
логиялық деңгейдегі (мысалы, генді импланттау) араласу. Мысалы, 
Эдуардо Кацтың эстетикалық қалауы.
Биоинженерияда айтарлықтай тосын нәрсе жоқ. Адамдар мың- 
даған жыл бойы өзін немесе басқа организмдерді қаласа, өзгертіп 
алды. Оның бір мысалы - піштіру. Олар шамамен 10 мың жыл бүрын 
бұқаларды піштіріп, өгізге айналдырды: өгіздер бұқадан жуас әрі соқа 
тартып, айдауға көнеді. Дауысы періштенің үніндей нәзік те таза әнші 
жасау үшін немесе султан гаремін күзететін сенімді әтек қылу үшін де 
жас жігіттерді піштіріп тастаған. Жасуша және ядроның, организмнің 
қызметін зерттеп білген соң, көз көріп, қулақ естімеген мүмкіндіктер 
есігін аштық. Бүгін дәрігерлер піштіру былай тұрсын, отаның және гор- 
мондардың көмегімен адамның жынысын да өзгертіп жібере алады.
Муныңжалғасы әлі алда. 1996 жылы газет-журналдар мен телеар- 
налар экранына шыққан фотосуретке жұрттың таңғалыспен, жиірке- 
нішпен әрі үреймен қарағаны есте болар.
344


ҒЫ ЛЫ М И Р Е ВО ЛЮ ЦИЯ
46. Шеміршектілер класына жататын ірі қараның жасушасынан арқасына «құлақ»
өсірген тышқан. Бұл Штадель үңгіріндегі арыстан-адамның қорқынышты «жалғасы»
іспетті. Адамдар 30 мың жыл бұрын да өзге түрлерді біріктіруді армандай бастаған.
Бүгінгі күні олар ондай қүбыжықтарды шынымен жасай алады.
Жоқ, бұл фотошоп емес. Бұл ғалымдар сиырдың шеміршегін ар- 
қасына тігіп қойған кәдімгі тышқанның шынайы фотосы еді. Ғалымдар 
жаңа тіннің өсуін көз жазбай қадағалап, оны адам құлағының пішіміне 
келтірді. Сірә, ғалымдар көп ұзамай жасанды құлақ өсіріп, оны адамға 
тігіп беруді де меңгеретін шығар1.
Ген инженериясы будан да зор «ғажайыптар» жасай алады. Ген ин- 
женериясы бірқатар этикалық, саяси және идеологиялық мәселелерге 
тіреді. Адам баласының Құдайдың рөліне таласқанына тақуа монотеис- 
тер ғана емес, жалпы жұртшылық наразы. Адамның табиғатқа үстемдік 
жүргізгісі келетініне қиық құлақ атеистер де әжептәуір шошына қарайды. 
Жануарлардың құқықтары үшін күресетіндер жануарларды тәжірибеге 
қолданып, мақұлықтардың азап шеккеніне және қолға үйреткен мал тү- 
ліктерін, олардың мұқтаждықтары мен тілек-қалауларын ескерместен, 
түрлендіре беруге қарсы шығуда. Баз біреулер келешекте биодиктату­
ра ақырзаманды жақындатып, ештеңеден қорықпайтын солдаттар мен 
елгезек еңбеккерлерді жасап шығады деп қауіптенеді. Жалпы көңіл ауа- 
ны мынадай: адамның гендерді өзгертіп, сұрыптау білігін меңгеруі оның 
жаңа білім қорын ақыл-парасатпен және көрегенділікпен қолдануға қа- 
білеттілігі мен бейімділігінен басып озып, алға үзап кетті. Алдымыздан 
орасан мол мүмкіндіктер сәт сайын ашылып жатыр, ал оларды қалай 
кәдеге жаратып, иелік ету керегін әлі ешкім жете білмейді.
Соның нәтижесінде гендік инженерия әлеуетінің тек аз ғана бөлігі 
зерттелуде. Тәжірибелік сынақтар негізінен саяси лоббишілері жоқ тір- 
шілік иелеріне: өсімдіктерге, зеңдерге, бактериялар мен жәндіктерге 
жүргізіледі. Мысалы, биоотын өндіретін 
Е.соіі
(симбиозды түрде ішек-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет