ТӨ Р Т ІН Ш І БӨЛІМ ті мекендейтін әрі газеттердің тақырыпшасынан түспейтін, үйреншікті жерінен кеткен кезде ауыр кесел туындататын бактериялар) желісін өсіріп шығарды2. Сондай-ақ гендік инженерияның көмегімен Е.соіі-ді және зеңдердің кейбір түрлерін денесінен инсулин бөліп шығаруға үй- ретті, сол арқылы диабетті емдеу құнын арзандатты3. Арктика балы- ғынан алған генді картопқа енгізіп, оны аязға шыдамды етіп қойды4. Кейде ген инженериясының тәжірибелік сынағына сүтқоректілер де түседі. Сиыр желінін зақымдайтын қабыну кеселінен сүт өнеркәсі- бі жыл сайын миллиардтаған доллар жоғалтады. Қазір ғалымдар гені сұрыпталған сиырларды сынақтан өткізуде, олардың сүтінде әлгі ауру қоздырғыштарын өлтіретін заттек - стафин бар5. Сатып алушылар- дың ет өнімдері құрамындағы зиянды майлардан қауіптенуінен зардап шеккен шошқа шаруашылығы құрттардың гендік материалы енгізіл- ген эксперименттік торайлар желісіне үміт артып отыр. Ж аңа гендер зиянды омега-6 қанықпаған қышқылын пайдалы омега-3 қышқылына айналдырады6. Гендік инженерияның келесі буыны шошқа майын өзгертуден де күрделі сиқырларды жасайтын болады. Генетиктер құрттың тіршілігін алты есе ұзартып қана қоймай, жады жақсарған және оқып-үйренуге қабілетті данышпан тышқанды да өсіріп шығарды7. Тоқалтістер (сұр- тышқандар) - кішкентай әрі қатыгез тышқандар, олардың кейбір тур- лер! жыныстық қатынасқа бейберекет түсе береді екен. Олардың тұ- рақты жұптасып, серігін басқаға айырбастамайтын тағы бір түрі бар көрінеді. Генетиктер олардың моногамды ген бөліп шығарғандарына сендіріп бағуда. Осылардың генін енгізу тышқанның «донжуанын»