адал әрі сезімге тұрақты қосаққа айналдырса, көп ұзамай адамдар- дың жеке басының әуейілігін, содан соң олардың әлеуметтік құрылы- сын да түзете алатын шығармыз8. Неандертальдықтардың оралуы Генетиктер тек жер бетінде өмір сүретін тіршілік иелерінің желісін жетілдіріп қана қоймай, баяғыда өліп қалған түрлерді қайта оралту- ға кірісті. «Юра дәуіріндегі саябақ» (Jurassic Park) фильміндегі сияқты динозаврларды ғана тірілтіп қоймайды. Орыс, жапон жене корей зерт- теушілерінен құралған топ жуырда Сібірдің мәңгілік мүздықтарынан табылған мамонттың геномын қалпына келтірді. Олар қазіргі пілдің ұрық жасушасын алып, піл ДНҚ-сын реконструкцияланған мамонттың ДНҚ-сына ауыстырғылары және үрық жасушасын ұрғашы пілдің жа- тырына енгізгілері келеді. 22 айдан кейін жарық дүниеге - 5000 жыл бұрын құрып кеткен мамонттың алғашқы төлі келеді9. Бірақ мамонтқа бәрі тіреліп қалмайтын шығар? Гарвард универ- ситетінің профессоры Джордж Черч (Ceorg Churh) жуырда «Неандер-
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ тальдық геномы» жобасын жүзеге асырып, неандертальдықтың қал- пына келтірілген ДНҚ-сын sapiens тұқымдасына жататын ұрғашының жатырына сіңірсе, 30 мың жыл ішінде тұңғыш рет неандертальдық шақалақ дүниеге келетінін жариялады. Черч осы міндетті бар болға- ны 30 миллион долларға атқарып шығуға дайын отыр. Бірнеше әйел суррогат ана болуға тілек білдіріп те үлгереді10. Неандертальдықтар бізге не үшін қажет бола қалды? Кейбір ға- лымдар тірі неандертальдықтарды қадағалау Homo Sapiens-Үщ шығу тегі мен ерекше қырлары жөніндегі ең өзекті сауалдарға жауап алуы- мызға жәрдемдеседі деп есептейді. Неандертальдықтың миы мен