Мотивацилық
қозғаушылық
Ұйымдастырушы-
лық
ізденістік
Рефлексия-түзету
|
Шаттық шеңбері:
-Балалар,бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасып алайық.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір үйде күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң достарым!
-Жарайсыңдар, балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені қонақтар келіп отыр.
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын.
Мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
Қыста жер қандай болады ?
Сары шарды көрсету
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?.
- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.
Жасыл шарды көрсету.
Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?.
Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..
Ағаштар бүршік жара бастайды.
Қызыл шарды көрсету.
- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.
-Балалар, бір аптада неше күн бар екенін білеміз бе?
Апта күндері туралы тақпағымызды еске түсірейік
Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Бірішісі Дүйсенбі,
Екіншісі Сейсенбі.
Үшіншісі Сәрсенбі,
Төртіншісі Бейсенбі
Жұма деген бесінші ұл,
Алтыншысы Сенбі.
Жетіншісі жексенбі
Бүгін аптаның нешінші күні?
Кеше аптаның нешінші күні?
Ертең аптаның нешінші күні?.
-Балалар, қараңдаршы пілдің баласы анасын іздеп жүр. Пілдің баласына Морж ата кездеседі.
-Морж ата пілдің баласына анасын қай жерден іздеу керек екенін айтты.
-Пілдің баласына көмектесу үшін аптаның бес күнінің тапсырмасын орындау керек.
-Балалар ,пілдің балаласына көмектесеміз бе?
1-тапсырма:
1-5 дейін сандарды кері және тура санау. Үш тілде санау.
2-тапсырма:
Математикалық жұмбақ
1.Үш мысықтың құйрығы нешеу?
2. Қоянның неше құлағы бар?
3. Екі балада неше көз бар?
4. Бір қолда неше саусақ бар?
3- тапсырма:
«Қай пішінге ұқсайды»
Шырша,белгі, сәбіз
Кітап , терезе, есік
Шар ,қарбыз,күн
Сергіту сәті:
“1” дегенде тұрайық,
“2,3,4”, алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
“5” дегенде асықпай
Орнымызды табайық.
4- тапсырма:
Логикалық есептер
Ағашта 5 құс отыр, оның 1 - уі ұшып кетті,ағашта қанша құс қалды?
Қорада тұр 2 балапан
Далада жүр 3 балапан
Барлығы неше балапан?
3. Табақта бес алма
Алды біреуін Әлихан,
Алды біруін Нармина
Табақта қалды неше алма?
5- тапсырма:
Сандардың көршісін тап.
Мақсаты: ойын барысында балалардың логикалық ойлау қабілеті мен қатар олардың еске сақтау, көру қабілетінің дауына ықпал етеді.
-Балалар ,Морж атаның барлық тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.
Осылайша, пілдің баласы жағаға жетті...
Көп ұзамай пілдің баласының анасы келеді.
-Балалар ,біз неге көмектестік?
-Пілдің баласы нені іздеді?
-Ненің тапсырмаларын орындадық?
-Сендерге ең қызықты қай жері болды?
Қай тапсырма қиын болды?
Сабақ ұнады ма?
-балалар, сендерге пілдің баласы мен анасы рахмет айтып жатыр.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып қимылмен жасайды.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық.
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір үйде күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң достарым!
-төрт мезгіл
-қыс,көктем, жаз, күз
-ақ
-қыс мезгілін
-ақ болады
-күз мезгілін
-көктем мезгілін
-жаз мезгілін
-Бір аптада жеті күн бар.
Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Бірішісі Дүйсенбі,
Екіншісі Сейсенбі.
Үшіншісі Сәрсенбі,
Төртіншісі Бейсенбі
Жұма деген бесінші ұл,
Алтыншысы Сенбі.
Жетіншісі жексенбі
-үшінші күні
-екінші күні
-төртінші күні
-ие, көмектесеміз
-1,2,3,4,5.
-5,4,3,2,1.
-3 құйрығы
-2 құлағы
-4 көзі
-5 саусақ
-ұшбұрышқа
-тіктөртбұрышқа
-дөңгелекке
Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасайды.
“1” дегенде тұрайық,
“2,3,4”, алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
“5” дегенде асықпай
Орнымызды табайық.
-4 құс қалды
-5 балапан
-3 алма қалды
Балалар сандардың көршісін тауып қояды.
-пілдің баласына
-анасын іздеді
-морж атаның тапсырмаларын
Балалар өз ойларын айтады.
|