&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


генінің ДНҚ-сына енгізді. Міне, керемет! Месье Кац көп ұзамай ж а­



Pdf көрінісі
бет441/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

генінің ДНҚ-сына енгізді. Міне, керемет! Месье Кац көп ұзамай ж а­
сыл сәуле шашатын қоянды қолына алды. Дәлірегі, ұрғашы қоянды.
Оны Альба деп атады.
Альбаның тіршілік етуі эволюция заңына сыйыспайтын еді. Ол
ойластырылған шешімнің жемісі саналады. Иә, Альба келешегіміздің
алғашқы жаршысына айналды. Осы қояндағы әлеует түгелдей
ашылса (ал адамзат оған дейін өзін жойып жібермесе), онда ғылыми
революция тарихтағы тағы бір революция ретіндегі мән-маңызынан
әлдеқайда асып түсіп, басқа бір сатыға аспандап кетері хақ. Мүмкін, ол
жер жүзінде тіршілік пайда болған сәттен бергі ең басты биологиялық
343


ТӨРТІНШ І БӨЛІМ
революция болатын шығар. Табиғи сұрыптаудың терт миллиард 
жылынан кейін дүниеге келген Альба деген қоян - тіршілік атаулының 
зияткерлік дизайнмен жобаланған жаңа ғарыштық дәуірдің алғашқы 
хабаршысы. Тап солай болса, бүкіл адамзат «өмір суру» деп аталатын 
тарихи ойынның ережелерін жаңғыртуға жол ашқан эксперименттің, 
оқып-үйренудің жолы ретінде өткенін қайта байыптай алады. Осы 
үрдісті адам көзқарасы тұрғысынан мыңжылдықтардың аясында 
емес, ғарыштық өлшем бойынша миллиардтаған жылдар ауқымында 
қарастыруға тиіспіз.
Бүкіл әлемнің биологтары зияткерлік дизайн қозғалысымен күре- 
седі, Дарвин теорияларын мектептерде оқытуға келіспейді. Биология- 
льщ тетікті бүге-шігесіне дейін алдын ала ойластырып, жасап қойған 
жаратушының бар екенін биологиялық күрделіліктің өзі дәлелдейті- 
нін алға тартады. Өткен жайлы ойларын ортаға салған биологтардың 
сөзінің жаны бар. Тағдыр тәлкегі сол ғой, болашақ жайына келгенде 
зияткерлік дизайнды қолдаушылардың сөздері де дұрыс болып шық- 
са, таңғалмаймыз.
Осы жазбамды қолға алған кезде табиғи сұрыптаудың орнын ал- 
мастырған зияткерлік дизайн үш жолмен дамитын шығар: биоинже­
нерия көмегімен; киборгтар (киборгтар - органикалық және бейор- 
ганикалық бөліктерді бойына жинақтаған тірі заттар) жасау арқылы; 
бейорганикалық тіршілікті қолдан жасау арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет