емес, ежелгі жирафтармен арадағы бәсекелестіктің арқасында ұзын мойынға ие болды. Мойны қысқа ежелгі жирафтарға қарағанда, мойны ұзын ежелгі жирафтар азықты молдау тапты әрі соның арқасында көп- теу ұрпақ таратты. «¥зын мойын ағаштың ұшар басындағы жапырақты жұлып жеуіне мүмкіндік береді екен. Кәне, мойнын созайық» деп ешкім айтқан жоқ. Дарвин теориясының кереметтігі жирафта ұзын мойынның қалай пайда болғанын түсіндіру үшін данагөй жобалаушының төрелігі- не жүгіріп барудың қажеті жоқтығында болып тұр. Миллиардтаған жыл бойы зияткерлік дизайн деген ұғымның өзі белгісіз еді, сондықтан да заттарды жобалайтын интеллект те дамы- мады. Миллиардтаған жылдар бойы ғаламшарды түтастай жайлаған микроорганизмдер таңғажайып нәрселер істеуге қабілетті болып шық- ты. Бір түрдің өкілдері жасушаларына өзге түрдің генетикалық кодын енгізіп алады да, сол арқылы қабілетке, мысалы, антибиотиктерге тө- зімді бола бастайды. Алайда біздің білетініміз, микроорганизмдерде сана болмайды, алдарына мақсат қойып, жоспар құрмайды. Әлдебір даму сатысында жираф, дельфин, шимпанзе және неан- дертальдық сияқты организмдер санаға және жоспарлау қабілетіне ие еді. Бәлкім, неандертальдықжігіт сеп-семіз әрі жалқаулау, ұша алмай- 342
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ тын, қарны ашқан кезде қолымен устап алуға болатын құстар туралы армандаған да шығар. Бірақ арманына жете алмады. Оның табиғи су- рыптаудан өткен құстарды аулауына тура келді. Ескі құрылыс салтындағы алғашқы жарықшақ шамамен 10 мың жыл бұрын, аграрлық революция барысында пайда болды. Қоңды да қолапайсыз жабайы құс туралы армандаған sapiens бір амалын тап-