ҒЫЛЫМИРЕВОЛЮЦИЯ сәттерді жіпке тізгендей түгендеп шықса, балалы болу - аса жақсы идея емес екен. Бұл шаруа, негізінен, памперс ауыстырудан, ыдыс жуудан, еркелігі басынан асқан жүгірмекті тыныштандырып, жұбатудан тұрады екен - мұнымен ешкім айналысқысы келмейді. Сөйте тұра, ата-аналар- дың бәрі балаларды өз өмірінің бақытына балайды. Шынымен, адамдар өздерінің нені қалайтындарын білмейтін болғаны ма? Иә, мүндай жауаптың болуы да мүмкін, бірақ тағы басқа бір нәр- сені ескеруіміз керек: бақыт дегеніміз жағымды иірімдердің жағымсыз сәттерден асып түсуі емес. Асылы, бақыт деген өмірді мән-мағынаға мелдектетіп, оған мақсат дарыту ғой. Бақыттың тал бойында когнитив- ті, этикалық құрамдас бөліктер бар. Жұрттың біразы: «Мен - кішкентай тиранның бақытсыз қүлымын» немесе «Мен жаңа өмірді аялай жетіл- діремін» деген көзқарасқа байланып қалады2. Ницше айтпақшы, не үшін өмір сүретінін білетін адам кез келген сынаққа төтеп береді. Тіпті сынаққа түскен сәттерде де мақсатты өмірдің өзі қанағат сезіміне бө- лейді, ал мағынасыз тірлік ең жайлы жағдайларда да азап шектіреді. Кез келген елдегі және кез келген дәуірдегі адамдар рақат пен азапты бірдей сезіне түра, өздерінің тәжірибелеріне мүлдем әрқилы мән-мағына береді. Демек, бақыттың тарихы - биологтар сипаттаған- нан әлдеқайда күрделі нәрсе. Өмірдің әр сәтін қалт жібермей бағала- сақ, әрине, орта ғасырларда дәурен сүрген адамдар көп ауыртпалық- ты бастан өткерген болып шығады. Бірақ олар бақи дүниеде мәңгілік рақатқа бөленетініне сенсе, өмірінің ақырында үмыт қалудан өзге еш - теңе күтіп түрмайтын қиық қүлақ атеистке қарағанда, ол адам өз ғү- мырын әлдеқайда мәнді де мағыналы етіп өткізетіні анық. «Тұтастай алғанда өз өміріңізге қанағаттанасыз ба?» деген сауалға жауап бере