&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет430/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, CMTOVCTTACQZ02032023214854, шоттар 2020, СМБӨЖ1, перевод
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ
сәттерді жіпке тізгендей түгендеп шықса, балалы болу - аса жақсы идея
емес екен. Бұл шаруа, негізінен, памперс ауыстырудан, ыдыс жуудан,
еркелігі басынан асқан жүгірмекті тыныштандырып, жұбатудан тұрады
екен - мұнымен ешкім айналысқысы келмейді. Сөйте тұра, ата-аналар-
дың бәрі балаларды өз өмірінің бақытына балайды. Шынымен, адамдар
өздерінің нені қалайтындарын білмейтін болғаны ма?
Иә, мүндай жауаптың болуы да мүмкін, бірақ тағы басқа бір нәр-
сені ескеруіміз керек: бақыт дегеніміз жағымды иірімдердің жағымсыз
сәттерден асып түсуі емес. Асылы, бақыт деген өмірді мән-мағынаға
мелдектетіп, оған мақсат дарыту ғой. Бақыттың тал бойында когнитив-
ті, этикалық құрамдас бөліктер бар. Жұрттың біразы: «Мен - кішкентай
тиранның бақытсыз қүлымын» немесе «Мен жаңа өмірді аялай жетіл-
діремін» деген көзқарасқа байланып қалады2. Ницше айтпақшы, не
үшін өмір сүретінін білетін адам кез келген сынаққа төтеп береді. Тіпті
сынаққа түскен сәттерде де мақсатты өмірдің өзі қанағат сезіміне бө-
лейді, ал мағынасыз тірлік ең жайлы жағдайларда да азап шектіреді.
Кез келген елдегі және кез келген дәуірдегі адамдар рақат пен
азапты бірдей сезіне түра, өздерінің тәжірибелеріне мүлдем әрқилы
мән-мағына береді. Демек, бақыттың тарихы - биологтар сипаттаған-
нан әлдеқайда күрделі нәрсе. Өмірдің әр сәтін қалт жібермей бағала-
сақ, әрине, орта ғасырларда дәурен сүрген адамдар көп ауыртпалық-
ты бастан өткерген болып шығады. Бірақ олар бақи дүниеде мәңгілік
рақатқа бөленетініне сенсе, өмірінің ақырында үмыт қалудан өзге еш -
теңе күтіп түрмайтын қиық қүлақ атеистке қарағанда, ол адам өз ғү-
мырын әлдеқайда мәнді де мағыналы етіп өткізетіні анық. «Тұтастай
алғанда өз өміріңізге қанағаттанасыз ба?» деген сауалға жауап бере


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет