алайда оның ақырғы деңгейі өзгермейді, адамзат одан бақытты бола салмайды. Ортағасырлық француз шаруасы мен қазіргі париждік банкирді са- лыстырайық. Шаруа терезесі қора жаққа қараған, от жағылмайтын са ман қабырғалы құжырада турады, ал банкир жумыстан шығып, іші ең жаңа техникаға лық толы, терезесі Елисей алаңы жаққа қараған сән- салтанатты пентхаусына келе жатыр. Мүмкін, ол бақыттырақ шығар: бірақ бақыт біздің басымызда: бастың қужыра мен пентхауста және Елисей алаңында шаруасы жоқ - ми серотонин деңгейін ғана тіркейді. 1013 жылы әлгі шаруа үйін салып біткен кезде оның миының нейронда- ры бөліп шығарған серотониндер ондық деңгейге көтерілді. 2013 жылы банкир өзінің ғажайып пентхаусы үшін соңғы жарнаны төлеп шыққан- да, миының нейрондары да соншалықты мөлшерде серотонин бөліп, рақаттану деңгейін ондық белгіге жеткізді. Ми пентхаустың самантас қужырадан қаншалықты мықты екенінен бейхабар, ми бір ғана нәрсе- ні: серотонин деңгейі шкаланың ондық белгісіне жеткенін біледі. Со- нымен, банкирдің бағзыдағы бабасы - орта ғасырдағы шаруадан бағы асып, бақыты тасып кете қоймапты. Бул жеке адамның өміріне ғана қатысты емес. Мысалы, Француз революциясын алайық. Революционерлер дамыл таппастан жумыс істеді: корольді жазалап, жерді шаруаларға үлестіріп берді, адам құ- қықтарын жариялап, ақсүйектердің артықшылықтарын жойды және байтақ Еуропаға соғыс жариялады. Бірақ бүкіл саяси, әлеуметтік жене экономикалық толқуларға қарамастан, француздардың биохимиясы өзгермеді, бақыттың орташа деңгейі турақты күйінде қалды. Генети- калық лотереядан сергек биохимия бұйырғандар революциядан кейін де өздерін сорлы емес, бақытты сезінді, ал биохимиядан жолы бол- мага н да р бұрынғы XVI Людовик пен Мария-Антуанетта кезіндегідей