орын беріп, бақыт кері серпіледі. Мысалы, бала көтеруге жарамды әйелмен жыныстық қатынас жа- сап, генін таратқаны үшін эволюция еркектерді жағымды сезім ауаны- мен жарылқайды. Жыныстық қатынастан соншалықты жанға жайлы эсер алып, рақатқа бөленбесе, еркектердің көбі төсек қатынасына тү- суден ада-күде бас тартар еді. Эволюция жағымды сезім ауанының тым ұзаққа созылып кетпеуін де ойластырған. Оргазм бірнеше тәулікке созылып кетсе, тым бақытты еркектер аштан өлер еді, тек, әйтеуір, үрықтандыруға жарамды басқа үрғашыны іздеп, тентіреп кетпесі анық. Сонымен, сыртқары оқиғалар - жыныстық қатынас, лотереядан үту, жол апатына үшырау - бізді уақытша бақытты немесе бақытсыз ете алады. Бірақ биохимиялық жүйе бақыттың белгілі бір деңгейден артып кетуіне де, тым төмен түсіп қалуына да жол бермейді, ақыр со- ңында, тепе-теңдікке алып келеді. Кейбір ғалымдар біздің биохимия- лык жүйені аптап ыстықта да, сықырлаған аязда да бөлме темпера- турасын белгіленген деңгейде ұстап тұратын кондиционерге теңейді. Оқиғалар легі температураны аздап өзгерте алады, бірақ кондицио нер міндетті түрде статус-квоны қайтадан қалпына келтіреді. Кейбір жүйелер 25°-қа, келесі біреулері 20°-қа белгіленген. Адам- дарда да бұл «кондиционерлер» бір-бірінен ерекшеленеді. Біреулер туғаннан сондай «шадыман шаттықтың» биохимиялық жүйесін иеле- неді, олардың көңіл күйлері он балдық шкала бойынша 6-дан 10 балға дейін толқып түрады да, 8 белгісіне барып түрақтайды. Мүндай адам тірлігі аласапыран астанада түрса да, бүкіл ақшасын жоғалтып алса да, диабет ауруына шалдықса да, жағасы жайлауға кетіп, үнемі сер- гек әрі көңілді жүреді. Ал бәз біреулердің биохимиясы түнжырап, кө- ңілкүйі 3-пен 7-нің арасында ауытқып жүреді де, 5-ке барып түрады.