45. Байырғы заманда сұлулықтың сипатын көрші қонған адамдар анықтап беретін. Қазір БАҚ пен сән индустриясы адамның шамасы жете бермейтін стандарттарға еліктіреді. Олар жер шарындағы ең көрікті адамдарды іздеп тауып, оларды жалаулатып көрсете береді. Осыдан өзімізге көңіліміз неге тола бермейтіні түсінікті шығар. Бақыт дәмемен қүралатындықтан, біздің қоғамның екі тірегі - БАҚ
пен жарнама, өздері қаламаса да, қанағаттың жаһандық ресурсын жүта-
тып барады. Бес мыңжыл бұрын қияндағы бір елдімекендегі он сегізжас-
тағы бозбала өзін бетіне ешкім қарсы келе алмайтын мықты жігіт санар
еді, өйткені қоныстағы 50 шақты еркектің басым бөлігі бет-аузын әжім не
тыртық басқан мыжырайған қарттар немесе ана сүті аузынан кеппеген
бөбектер болатын. Ал қазіргі заманның бозбаласы көбінесе «әлдекім-
ге жете алмай қалудан» қорқады. Тіпті сыныптастарының көбі - әдемі
емес, ол сыныптастарына емес, күн сайын теледидардан, әлеуметтік
желілер мен әйдік жарнама тақталарынан көріп жүрген киножүлдыздар,
спортшылар мен супермодельдер қатарына жетуге үмтылады.
Бәлкім, үшінші әлемнің наразылығы кедейшіліктен, сыбайлас жем-
қорлық пен саяси қысымнан емес, өз өмірлерін бірінші әлемдегі түрмыс
қалыптарымен салыстырудан басталған шығар? Хүсни Мүбарак билі-
гі кезінде қарапайым мысырлықтың ашаршылықтан, ауру-сырқаудан,
әлде зорлық-зомбылықтан өлу ықтималдығы II Рамзее немесе Клеопат
ра билеген кездегіден әлдеқайда төмен болған еді. 2011 жылы мысыр-
лықтар көшеге қаптай шыққан кезде би билеп, ән шырқап, мейірім-шапа-
ғаты үшін Алла тағалаға алғыс айтуы керек сияқты көрінген. Жо-оқ, олар
331
ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ сұмырай Мүбаракты тағынан тайдыру үшін шықты. Олар өздерінің хал- жағдайын перғауын тұсындағы ата-бабаларының өмірімен емес, Обама