Басты жаңалық: бақыт деген объективті жағдайларға, байлыққа, денсаулыққа, тіпті қарым-қатынастарға байланып қалмайды екен. Аб- залы, бақыт объективті жағдайлар мен субъективті дәметулердің өза- ра байланысына сабақтасып жататын сияқты. Біреу өгіз бен арбаны армандап жүріп, соған қолы жетсе, мәз-мейрам болады ғой. Су жаңа «Феррари» мінуді қалап, ескі «Фиатқа» қолы жетсе, әрине, көңілі қо- ңалтақсып қалатыны анық. Міне, неліктен лотереядан ұту да, жол апа- тына ұшырау да бақытты сезінуге бірдей эсер ететіні осы: хал-ахуал жақсарған кезде дәме артып, үміт үлғаяды - объективті жағдайлар 3 2 9
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ қаншама жақсарғанымен, бәрібір соншама қанағат сезімі болмайды. Ал шаруа алға баспай, қырын кеткен кезде үміт жіңішкеріп, дәме «бүрі- сіп» қалады да, соның нәтижесінде жарақат адамның өзін бұрынғыдай бақытты сезінуіне кедергі келтіре алмайды. Әрине, мұны түсіну үшін анкетасын ала шабатын психологқа ба- рып жолығу міндетті емес. Пайғамбарлар, ақындар мен философтар осыдан мыңдаған жылдар бұрын-ақ дүниенің соңынан өмір бойы қуа- лағаннан гөрі, қолда барыңды қанағат тұтқан абзал екенін ұғып қой- ған. Дей тұрғанмен, зерттеулер, деректер мен кестелердің барлығы ежелгі заман даналарының интуитивті ой қорытуларын растап жатқа- ны көкейге қонып, көңілге жағады екен. Жеке адамның үміт-дәмесі тәрізді маңызды факторды есепке ал- май бақыттың тарихын зерттеу мүмкін емес. Бақыт тек объективті жағ- дайлармен, байлықпен, денсаулықпен және араласу ортасымен ғана өлшенсе, әрқилы тарихи кезеңдердегі бақыттылық деңгейін анықтау онша қиынға түспес еді. Бірақ бақыт субъективті дәмеге байланысты