кеуленіп, мүлде жоғалады. Америкадағы бөгде біреулердің пәтерле- рін тазалап, 12 мың доллар табатын жалғызілікті әйел лотереядан 500 мың доллар ұтып алса, оның өз әл-ауқатын субъективті бағалауы бі- разға дейін жоғары көтеріледі, яғни ол бақытты болады. Жылына 250 мың доллар алатын топ-менеджер миллион доллар ұтып алса немесе компания аяқ астынан жалақысын екі есе өсірсе, бірнеше аптаға ғана бақыттан басы айналып жүреді. Сезім ауанында ұзақмерзімді өзгеріс- тер болмайтынын эмпирикалық деректер көрсетті. Иә, мықты машина сатып алады, пәтерден жеке үйге көшеді, Калифорния Кабернесінің орнына Шато Петрюс іше бастайды - бірақ көп ұзамай бұлардың бәрі кәдуілгі нәрседей көрініп, қызығы кетіп қалады. Тағы бір қызықты мән-жайды айтайық: сырқат адам өзін бақытсыз сезінеді. Азапты әрі тұрақты ауру қинаған кезде айықпастай уайым- ға түседі. Созылмалы сырқаты жөнінде - мысалы, диабет екенін біл- ген кезде адамдар біршама уақыт уайым шегеді, бірақ ауруы асқынып кетпесе, өзінің осы жағдайына бейімделіп алады да, дені сау-саламат адамдар қанша «бақыт көрсеткішін» жинаса, ол да сонша жинайды. 328
ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ Ойша эксперимент жүргізейік. Орташа дәулетті отбасынан шыққан егіздер - Люси мен Люк субъективті әл-ауқатын зерттеуге келісім бер- ді. Психологиялық зертханадан қайтып келе жатқанда Люси жол апа- тына ұшырап, сынығы ұзақ бітіп, ақсақ болып қалады. «Жедел жәрдем» Люсиді ауруханаға алып бара жатқан кезде Люк оған телефон шалып, қуанышты хабарын жеткізгісі келеді: ол джекпоттан 10 миллион дол лар ұтып алған еді. Екі жыл өткеннен кейін қарындасы әлі ақсаңдап жүрді, ал ағасы бұрынғыдан әлдеқайда бай еді, алайда психолог ке-