&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


апиын шегетін қытай наркоманының немесе Тасманияның байырғы



Pdf көрінісі
бет414/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

апиын шегетін қытай наркоманының немесе Тасманияның байырғы
тұрғынының пікірлерін де тыңдасақ, жаман болмас еді. Тасманияның
ең соңғы аборигені Труганини де Гомер Симпсон сияқты көңіл ауда-
руға әбден лайық тұлға ғой.
Екіншіден, қысқа ғана алтын ғасырымыз (соңғы жарты жүз жылдық)
келешектегі кесапаттың тұқымын сеуіп кетпеді ме, жоқ па, оны әлі біл-
мейміз. Осынау онжылдықтар ішінде бірнеше мәрте және әртүрлі жол-
мен ғаламшардың экологиялық теңгерімін бұздық, ал бұл түбінде келте-
гін басқан кетпеннің сабындай маңдайымызға сарт ете қалып жүрмесін
деңіз. Бейберекет түтыну желігімен адами молшылықтың тамырына
балта шауып жатқанымызды көптеген деректер көзге шұқи көрсетуде.
326


ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯ
Сайып келгенде, қазіргі sapiens-тердің теңдессіз табысына тек
өзге тіршілік иелерінің тағдырына көзді жұма қарап қана шаттануға
болады. Бізді ашаршылық пен ауру-сырқаудан қорғаштайтын анау бо-
салқы қорлар мен мынау телегей білімдер зертханалық маймылдар,
сауын сиырлар, инкубатор балапандары есебінен жинақталды ғой.
Соңғы екі жүзжылдықта осынау мақұлқаттардың жүздеген миллиарды
өздерінің қысқа ғүмырларын қатыгездігі жөнінен Жер шарының бүкіл
тарихында теңдесі жоқ индустриялық қанап-қинау жағдайында өткізді.
Жан-жануарлар құқын қорғаушылар қақсай айтып жүргендерінің әң-
гімесінің оннан бір бөлігі рас болса, онда қазіргі индустриялық ауыл
шаруашылығы - ата тарихтағы ауыр қылмыс екен. Баршаға ортақ ба-
қыт хақында сөз оздырар шақта тек элитаның, еуропалықтың немесе
еркектердің бақытын ғана есепке алуға болмайды. Бәлкім, тек адам-
зат бақытына ғана назар аударып, көңіл бөлумен шектелу де әділет-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет