&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


едәуір арттырды, идеялар, технологиялар мен жергілікті ресурстар қар-



Pdf көрінісі
бет412/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

едәуір арттырды, идеялар, технологиялар мен жергілікті ресурстар қар-
қынды алмасып, жаңа нарықтар ашылды. Бірақ осының бәрі Африка-
ның, Америка мен Австралияның тұрғындарына майдай жаға қоймаған
шығар. Адам баласының күш пен билікті асыра пайдалануға бейімдігін
ескере отырып, күш-қуат пен бақытты шендестіру, жұмсарта айтқанда,
барып түрған алаңғасарлық деуге толық негізіміз бар.
Бұған тура қарама-қарсы көзқарас та табылады. Оны жақтаушы-
лар адами мүмкіндіктер мен бақыттың арасында кері байланыс барын
айтады. «Билік азғындатады», - дейді олар. Адамзат билік пен бай-
лықты неғурлым жинақтаған сайын, соғұрлым механикалық дүниеге
бой үйретіп, шынайы мұқтаждықтарымызға салғырт бола бастайды.
Эволюция санамыз бен тәнімізді аңшы-терімшілердің тұрмысына ар-
нады. Ауыл шаруашылығына, содан соң өнеркәсіптік тірлікке көшу бізді
табиғи бейімдігіміз бен инстинктіміз ашылмайтын, ақ қанатты арманда-
рымыз қанағат таба алмайтын жасанды тірлік кешуге мәжбүр етті. Қала-
дағы орта таптың жанға жайлы тұрмысынан мамонтты жайғап тастап,
етін жабыла бұтарлап жатқан аңшылардың табиғи құштарлығы мен саф
таза қуанышын қайдан табарсың? Әрбір тыңжаңалықты ашқан сайын,
өзіміз бен жұмақ бағы арасындағы қашықтықты үлғайта береміз.
3 2 5


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Бірақ әрбір өнертабыстың көлеңкелі жағын ғана көргісі келіп тұ-
ратын романтикалық құштарлықтың өзінде де прогрестен қашып қу-
тыла алмаймыз. Табиғи «тамырымызбен» байланысымызды үзіп ал-
ған шығармыз, бірақ бұл онша жаман нәрсе емес. Мәселен, соңғы екі
жүзжылдықта медицина балалардың өлім-жітімін 33%-дан 5%-ға дейін
төмендетті. Бұл дегенің тек тірі қалған балаларға ғана емес, олардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет