байланыстырады. Оның нәтижесі, шынын айтсақ, адам шошытады. Биологтар ойларымыз бен сезім ауанымызды эволюция миллионда- ған жылдар бойы қалыптаған биохимиялық тетіктер басқарады деп есеп- тейді. Жан дүниеміздегі кез келген хал-ахуал сияқты факторларға - жа- лақы мөлшері, қарым-қатынастар жүйесі, саяси қүқықтар емес, керісінше, жүйкенің, нейрондардың, түйіспелер мен биологиялық белеенді заттек- тердің: еротиннің, дофамин мен окситоциннің күрделі жүйесін құрайды. Лотореядан ұту да, үй сатып алу да тіпті сүйіспеншілік те адамды бақытты ете алмайды. Адамды бақытты ететін бір ғана нәрсе - орга- низмдегі жағымды сезім ауаны. Лотореядан ұтқан адам немесе махаб- 332
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ бат ләззатына кенелген адам шаттықтан аспанға шапшыса, ол сүйіс- пеншілік сезімге немесе ақшаға еліге елеуреп тұрған жоқ. Ол қандағы гормондарға, мидың белгілі бір бөлігіндегі электр зарядтарына жауап қайтарып, желігіп кетті. Өкінішке қарай, жер бетінде жұмақ орнатпақшы ниеттің бәрін бел- ден басқан, біздің биохимиялық жүйе, сірә, бақыттың белгілі бір деңге- йін ғана қолдаумен шектеледі. Табиғи іріктеу үрдісі бұл жерде жарамай қалады: бақытты дәруіштің генетикалық желісі осы түстан үзіледі, ал алаң көңіл ата-ананың гендері келесі ұрпақ буынына беріледі. Эволю- цияда бақыт пен бақытсыздық ептеп-септеп қана рөл ойнап, әлдебір сәтте тірі қалып, үрпақтарату үрдісіне септеседі. Сондықтан эволюция бізді аса бақытты немесе тым бақытсыз жасамағанына таңданбаймыз. Биологиялық түрғыдан жанға жайлы, жағымды сезімдердің қас-қағым сәтінен ләззат алып, рақатқа бөленуге бейімделгенбіз. Бірақ ол ұзаққа созылмайды: ерте ме, кеш пе, әйтеуір, жағымсыздау сезімдер ауанына