Робеспьер мен Наполеон тусында да қыңқылдауын жалғастыра берді.
Мұндай ретте Француз революциясынан не қайыр, қандай пайда
бар? Адамдар бақытты бола алмаса, сол бір сумдық, сойқан соғыс пен
қантөгіс неге керек? Биологтар Бастилияны басып алмас еді. Адамдар
әрдайым кезекті революция немесе реформа өздерін бақытқа кенел-
тіп, барша мұраттарына жеткізетіндей үміттенеді, бірақ биохимия әл-
сін-әлсін тақырға отырғызып кетеді.
Тарихтың бір бағытының ғана мәні бар. Енді бақыт дегеніміз био-
химиялық жүйеге байланысты екенін түсіндік, бар уақытымызды саяси
және әлеуметтік реформалар, әлдебір идеологиялар мен бүлікшіліктер-
ге шығындамай, шын бақытқа кенелетін нәрсеге күш жұмылдыра ала-
335
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
мыз. Өзіміздің биохимиямызды түзетеміз. Биохимиялық кодтың жұмба-
ғын шешуге және тиісті дәрі-дәрмегін іздеп табуға миллиардтаған қаржы
жұмсасақ, ешқандай революциясыз-ақ адамзатты бақытты етеміз. Мы-
салы, «прозак» дәрісі мемлекеттік құрылысқа шабуыл жасамай-ақ, қан-
дағы серотонин деңгейін арттырып, науқасты күйзелістен айықтырады.
«Бақыт ішкі дүниемізден келеді» деген «жаңа дәуір» үраны биоло-
гиялық көзқарасты мүлтіксіз білдіреді. Ақша, мәртебе-мансап, плас-
тикалық операциялар, сән-салтанатты сарайлар, билік - осының бәрі
бақытқа кенелте алмайды. Баянды бақыт ішкі жақтан ғана келеді:
олар - серотонин, дофамин мен окситоцин1.
Олдос Хакслидің 1932 жылы, ¥лы депрессияның күйіп түрған ша-
ғында жарияланған «Таңгажайып жаңа әлем» (Brave New Word) атты
антиутопиялық еңбегінде бақыттың ең жоғары құндылық екенін, ал ре-
жимнің сайлауларға да, полицияға да емес, психикатроптық дәрілерге
Достарыңызбен бөлісу: |