&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


нуарларының 200-ге тарта түрі (салмақтары 50 килограмнан да жоға-



Pdf көрінісі
бет81/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

нуарларының 200-ге тарта түрі (салмақтары 50 килограмнан да жоға-
ры) мекендеді. Аграрлық революцияға дейін 100 түр ғана жетті. Homo
sapiens дөңгелек пен жазуды ойлап тапқанға немесе темір қорытуды
үйренгенге дейін Жердегі ірі жануарлардың жартысын жойып жіберді.
Бұл экологиялық трагедия, шағын ауқымда болса да, аграрлық
революциядан кейін де бірнеше мәрте қайталанды. Аралдарды
70


К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
археологиялықзерттеулерсол трагедияныңүш көрінісін көзалдымызға
алып келеді: әуелі адам жоқ кездегі ірі жануарлардың сан алуан түрін
көреміз; екінші көріністе адамның ізі - сүйектер, жебенің ұшы, қыш
ыдыстардың сынығы пайда болады. Үшінші көріністе сахнаға адамдар
шығады, ал ірі жануарлардың, сондай-ақ ұсақ мақұлықтардың заты
турмақ, аты да қалмады.
Ең айқын мысал: Мадагаскар аралы Африкадан шамамен 400 ша-
қырым қашықтықта. Миллиондаған жылдар оқшау орналасқан онда
ерекше табиғи әлем қалыптасты: ұшпайтын «піл-құс» (elephant bird) -
бойы 3 метр, салмағы жарты тонна эпиорнис жортып жүрді, жердегі ең
ірі примат - алып лемурлар дөңкиіп отырды. Эпиорнис те, лемурлар
да, басқа да ірі жануарлар да осыдан 1500 жыл бұрын - аралға адам­
дар келген кезде кенеттен жоғалды.
10. Ірі екі жалқауаң - мегатерийлердің (Megatherium) жаңартылған суреті.
Олардың арғы жағында ірі глиптодондар (Glyptodon) өтіп бара жатыр. Осы күні
қурып біткен глиптодондардың дене тұрқы 3 метрге, салмағы 2 тоннаға жеткен.
Ал жалқау аңдардың биіктігі 6 метр болып, салмағы 8 тоннаға дейін тартқан.
Тынық мұхит өңірінде жануарлардың көптеген түрі шамамен б.з.д.
1500 жылдары, Поленизия егіншілері Сүлеймен аралдарына, Фиджи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет