&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет78/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

68


К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
білген жоқ. Мамонттар үшін де, адамдар үшін де Аляска - Сібірдің
жалғасы еді.
Бастапқыда Аляскадан Оңтүстікке барар жолды муздықтар бөгеп
жатты, Американның негізгі аумағына аздаған батыл адамдар ғана
өте алды. Шамамен б.з.д. 12 мыңыншы жылдары жаһандық жылыну
басталды да, мүз еріп, жаңа өткел жолдар ашылды, адамдар жаппай
Оңтүстікке ұмтылып, арнасынан асқан қарғын судай бүкіл құрлыққа та-
рала бастады. Бірнеше ұрпақ буыны Арктика жағдайында жабайы аң-
дар аулап үйренгеніне қарамастан, келушілер қос Американың алуан
түрлі климаты мен экожүйесіне тез бейімделді. Сібірліктердің ұрпағы
қазіргі Құрама Штаттардың шығысындағы ну ормандар мен Миссиси­
пи атырауындағы батпақты жерлерді, Мексика шөлейті мен Орталық
Американың ылғалды джунглилерін игерді. Біреулері - Амазонка жа-
ғалауына, басқалары Андтың таулы қойнауына немесе Аргентинаның
пампастарына қоныстанды. Ж аңа әлемді бағындыруға бар болғаны
бір, әрі кеткенде, екі мыңжылдық қажет болды. Б.з.д. 10 мыңыншы
жылдарына таман олар Американың оңтүстігіндегі қиыр шетке, Отты
жер аралына жетті. Осынау бірден жаулап алу Homo sapiens-тің түп-
сіз тапқырлығы мен таңғаларлық бейімделу қабілетін дәлелдеп берді.
Басқа тіршілік иелерінің ешқайсысы бір мекеннен бұрынғыға мүлде ұқ-
самайтын екінші мекенге шапшаң көшіп, баяғы гендер жинағын пайда-
лана отырып, сол жерге бауыр басып кеткен емес6.
Американы қантөгіссіз қоныстанды деуге болмас. Бүл да басқа кез
келген тұтқиыл соғыс сияқты қиратушы сипат алды. 14 мыңжыл бүрын
америкалық фауна қазіргіден әлдеқайда алуан түрлі болды. Аляска­
дан оңтүстікке жылжи отырып, алғашқы отарлаушылар Канада жазы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет