АГРА РЛЫ Қ РЕВОЛЮ ЦИЯ
Бидай талап еткен қурбандыққа бас тігуге адамдарды итермелеген де,
міне, дін екен. Мынадай жорамал бар: «Адамдар отырықшылық тур-
мыс салтына көшіп, қоныстар салды, ал молшылыққа кенелген кезде
оның ортасында ғибадатхана тұрғызды». Гөбеклі-тепеден табылған
олжа ең әуелі ғибадатхана турғызу, содан соң ғана оның төңірегіне
қоныстар салу ықтималдығын көрсетті.
Революция құрбандары
Адамдар мен дәнді дақылдар арасындағы «фауст мәмілесі» адам-
заттың жын әлемімен жасаған келісімдерінің басы да, соңы да емес.
Тағы бір мәміле қойдың, ешкінің, шошқа мен тауықтың тағдырына бай-
ланысты болды. Жабайы қойларды аулаған көшпенділер отардың құ-
рылымын біртіндеп өзгерте берді. Бұл үдеріс, сірә, таңдап аулаудан
басталған шығар. Адамдар тек ерееек қошқарларды, ал саулықтардың
аурулары мен кәрілерін ғана сойған тиімді екенін түсінді. Отардыңөсімін
қамтамасыз ету үшін қошақандар мен шағылысуға жарамды тусақтарға
тиіспеді. Келесі кезең қойларды арыстаннан, қасқырдан, бәлкім, бөгде
аңшылардан қорғау еді. Әрі қарай осылай кете береді: отарды бақы-
лап, күзету оңай болуы үшін шатқалға қамады. Ақырында, адамдар жа
рамды қойларды іріктеуге көшті. Ырыққа көнбейтін асау қошқарларды
бірінші кезекте сойып тастады. Содан соңжайылымда қоңжинамайтын,
жырыла қашатын саулықтарға кезек келді (малшылар отар-табыннан
бөліне беретін малды жақтырмайды). Уақыт өткен сайын қойлар қоңда-
нып, жуасыды, отардан жырыла қашуды қойды. Міне, соның нәтижесі:
Мэридің болды тоқтысы,
Ақтыгы оның қардай-ды.
Мэри қайда барса да,
Соңынан еріп қалмайды.
Буған балама болжам бар: аңшылар қошақанды ұстап алып, қол-
ға үйреткен, тоқшылық кезде оны асырап, ашаршылық шақта сойып
жеген. Келесі жылы олар бірнеше қозыны бағымға қалдыруды ойлас-
тырған. Қозылардың кейбіреуі өсіп, төл берген. Ал анағұрлым жуас әрі
сүйкімді саулықтар одан да көп өмір сүріп, бірнеше мәрте қозылаған.
Қолға үйреніп, көндіккен қой отары осылай лайда болтан.
Осынау қолға үйреткен жануарлар - қойлар, тауықтар, есектер
және басқалары - адамды азықпен (етпен, сүтпен және жүмыртқа-
мен) және киім-кешек дайындайтын материалдармен (жүнмен және те-
рімен) қамтамасыз етті. Олардың дене күші де кәдеге жарап, жүк тасы-
малдауға, жер жыртуға, егін оруға және адамдар бұрын өздері атқарып
келген өзге де жумыстарға пайдаланды. Аграрлық қауымның басым
Достарыңызбен бөлісу: