Е КІН Ш І БӨЛІМ
бөлігі
егіншілікке маманданды, ал мал шаруашылығы қосалқы кәсіп
болды, сайте тұра, кей жерлерде басқа қоғам түрі - малшы тайпалар
да қалыптасты, олардың экономикасының негізі малды пайдалану еді.
Адамдардың бүкіл
әлемге жайылуына орай, олармен бірге үй
жануарлары да таралды. 10 мыңжыл бұрын қой, сиыр, ешкі, шошқа мен
тауық бірнеше миллион ғана болды, олардың өзі Афроазияның белгілі
бір өңірлерінде кездесетін еді. Қазіргі кезде жер жүзінде миллиард қой,
миллиард шошқа, миллиардтан аса ірі қара, 25 миллиард тауық бар:
оларды кез келген аймақтан кездестіре аламыз. Үй тауығы - әлемде
ең көп таралған құстың түрі.
Ірі қара, шошқа мен қой екінші, үшінші
және төртінші орын алады (бірінші орында - адамның өзі). Эволюция
көзқарасы түрғысынан ауылшаруашылық революциясы тауықтар,
сиырлар, шошқалар мен қойлар үшін игілік болып шықты.
Өкінішке қарай, жетістік туралы уәж айтуға осы
бір параметр жет-
кіліксіз. Эволюция жеке уайым-қайгы мен қуанышты ескерместен, тек
түрдің күнелтуі мен көбею жайын қарастырады. Эволюция жануар-
дың сезіміне пысқырмайды: оған нақты түр ДНҚ-сының қаншалықты
таралғаны ғана маңызды. Тауық пен малды қолға үйретуді
эволюция
түрғысынан табысқа балауға болады, ал бірақ бұлар жер бетіндегі ең
бейшара тіршілік иелері ғой. Қолға үйрету қатал қағидалар мен тәжі-
рибелерге негізделіп, ғасырдан-ғасырға өткен сайын бұрынғыдан бе-
тер қытымырлана берді.
Жабайы тауықтың табиғи өмір сүру ұзақтығы - 7-12 жыл, ал
ірі
қара малдікі - 20-25 жыл. Жабайы жағдайда құстар мен жануарлар-
дың көпшілігі әлдеқайда ерте өледі, бірақ бәрібір олардың біршама
жыл тіршілік етуге мүмкіндігі бар.
Керісінше, қолға үйренген тауық пен
жануарлардың басым бөлігін туғанына бірнеше апта, ай өткенде соя-
ды, себебі бүл бәрінен де пайдалы. үш айдан кейін семірмейтін болса,
әтешті үш жасқа дейін жемдеп керегі не?
Жұмыртқалағыш тауықтар,
сауын сиырлар мен жегетін мал, әдет-
те көп жыл өмір сүре алады, бірақ ол өмір қымбатқа түседі. Қүлдықтың,
қанаудың қатаң режимі - тіршілік иесінің қажеттіліктері мен қалауына
мүлдем қайшы өмір салты. Кісімсіген маймылдың бишігіне бағынып,
жүк тиелген арбалар мен соқаларды сүйрегеннен гөрі, бұқалар да өзге
бұқалармен, сиырлармен бірге өрісті еркін кезіп жүргісі келетін шығар.
Бұқаларды, жылқыларды, есектер мен түйелерді басыбайлы жеге-
тін малға айналдыру үшін олардың табиғи
инстинктері мен табынның
әлеуметтік қүрылымын жою, долығы мен агрессиясын тыйып, жүріп-тү-
ру еркіндігін шектеу керек болды. Осы мақсатпен ол әрқилы амалдар
жасады: қораға немесе торға қамады, қайыспен және жүгенмен
ауыз-
дықтады, оларды қамшының және біздің көмегімен көнбістікке үйретіп,
мерттіктірді. Қолға үйрету деген сөз: малдың еркегін «піштіру» деген
де мағынаны білдіреді, сонда ол бүрынғыдай долық күй кеше алмай-
ды. Сол арқылы адам малдың көбею үдерісін ырқына бағындырды.
Достарыңызбен бөлісу: