АГРА РЛЫ Қ РЕВОЛЮ ЦИЯ
Тарихты
бақташының емес, отар қой,
табын сиырдың көзқарасы
тұрғысынан қарастырсақ, қолға үйреткен
жануарлардың көпшілігіне
осы аграрлық революцияның өзі орасан зор бақытсыздық алып кел-
гендей эсер қалдырар еді. Аты шулы «эволюциялық жетістік»,
шыны-
мен, соншалықты бағалы ма? Өміріне риза мүйізтұмсық өз түрініңтағ-
дыр-таланы хақында бас қатырып, аса қинала қоймас.
Соңғы болса
қайтеді енді. Ал үй сиырларының санының көптігі әр бұзаудың жекелей
көңілін жүбатып, тартқан азабын өтей алмайтын шығар.
Эволюция табысы мен
жеке игіліктің сәйкес келмеуі, сірә, аграр-
лық революциядан алатын маңызды сабақтарымыздың бірі шығар. Ал
өсімдіктер - бидай, жүгері үшін бұл эволюциялық орын игілікке айнал-
ды десек, сиыр, қой,
sapiens
сияқты сезімдер мен күйзелулер
шоғы-
рын иеленген жануарлар үшін қиын іс болды. Келесі тарауларда біздің
түрдің үжымдық күш-қуатының қарыштай өсуі мен айқын эволюциялық
табысы жеке адамдардың күйзелісі мен қасіретіне толы болғанына әл-
сін-әлсін оралып отырмақпыз.
91