&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ламшар бетінің 2%-ы ғана2. Қалған жерлердің бәрі оларға тым суық



Pdf көрінісі
бет107/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ламшар бетінің 2%-ы ғана2. Қалған жерлердің бәрі оларға тым суық
немесе тым ыстық, тым қуаң немесе тым ылғалды болды, әйтеуір егін
өгіп, мал өсіруге бірдеңе бөгет жасады. Дүбірлі тарихи оқиғалар өткен
сахнаның бар-жоғы осы - жер бетінің 2%-ы.
Жасанды аралын адам тастағысы да келмеді. Үйден, егістіктен,
жүзім алқабынан айырылу - ауыр шығын әрі үлкен катер. Оның үсті-
не уақыт өте келе адам тасымалдауға келмейтін мүліктерді толтырып
алды. Бұл да оны бір орынға байлап тастады. Бізге ежелгі малшы ая-
нышты кедейдей көрінеді. Ал оның отбасында тутас бір көшпенді тай-
паның жиған-тергөнінен де көп зат болды.
Болашақ жақындап келеді
Ауылшаруашылық кеңістігі қысқарып, ауылшаруашылық уақыт уза-
ра түскөн кез еді. Аңшы мен төрімшілөр келесі аптадан немесе айдан
арғысын ойлаған жоқ. Егіншілер мөн малшылар болса ойша жоспар
курып, болашақ жылдар мен онжылдықтар қойнауына сүңгіп кетті.
Көшпенділер ертеңгі күнгө аса бас катырмай, алдына келген асты
түгел жеп қойды: олардың тұрмыс бабында азықты сақтап қою немесе
дүние-мүлік жию қиын еді. Эрине, олар да жоспар курды. Шове, Лас-
ко мен Альтамира үңгірінің суретшілөрі суреттерін өз замандастары-
на емес, келер ұрпаққа арнап салғаны анық қой. ¥зақ мерзімді дос-
тық одақтар құрылғаны сияқты өшпенділік те әкеден балаға жалғасып
93


EKIHLUI БӨЛІМ
отырды. Жақсылыққа жақсылықпен, жауыздыққа жауыздықпен жауап 
беріп, есе қайтаруға да кейде біраз жылдар кетті. Сайте тура, аңшы- 
лар мен терімшілер экономикасы узақ мерзімді жоспарлауға кедергі 
келтірді. Осының өзі, қисынға қиғаш келсе де, көшпенділерді көптеген 
тауқыметтен қутқарды. Өзіңнің билігіңде емес нәрсені уайымдап кере- 
гі не?
Аграрлық революция болашаққа басқаша, бурын-соңды болмаған 
мән-маңыз дарытты. Егінші үнемі келешек күндер жайында ойлап, со- 
ның қамымен тер төгуге тиіс болды. Өйткені аграрлық экономиканың 
негізіне өндірістің маусымдық циклі жатады ғой: бірнеше айлар дайын- 
дық жұмыстарын жасап, қас-қағым қарбалас уақытта егінді орып үл- 
геру керек. Мол егінді жинап алған түнде шаруалар шалқыта тойлап, 
шаттана мерекелейді, ал апта өтпей жатып оларды қайтадан таңның 
атысынан күннің батысына дейін бел жаздырмайтын ауыр жұмыстар 
күтіп тұрады. Алдағы аптаға тіпті айларға азығы жеткілікті бола тура, 
олар енді келесі жылды және одан кейін не болатынын ойлайды.
Болашақ туралы ұдайы уайымдау тек маусымдық өндіріс циклі- 
не байланысты емес. Ауыл шаруашылығы дегеннің өзі тіршілік етудің 
соншалықты сенімді көзі болмады. Қоныстардың көпшілігі егіп баста- 
ған өсімдіктер мен қолға үйреткен жануарлар есебінен өмір сүргендік- 
тен, кез келген сәтте қуаңшылық, су тасқыны мен жұқпалы ауру бәрін 
ойран етіп, жутқа ұшыратуы ықтимал. Қор жасау үшін тұтыну мөлше- 
рінен артық азық өндіру қажет болды. Қамбада - бидай, жертөледе 
зәйтүн майы шүпілдеген ыдыстар, қоймада дөңбектей ірімшіктер мен 
ілулі шұжықтар тұрмаса, егін шықпай қалған жылдары бәрі аштан 
өледі. Ал қуаңшылық узаққа созыла ма, жоқ па, оны ешкім білмейді. 
Молшылық мәңгіге созылатындай мардымсып, мұрнын көкке көтерген 
шаруа ұзақ өмір сүре алмайды.
Осылайша, ауыл шаруашылығы пайда болғаннан бастап болашақ 
туралы уайым адамның қыр соңынан қалмай келеді. Егіннің бітік шы- 
ғуы жауынға тәуелді өңірде, таң алдында егіншілер батысқа, теңізге 
қарай көз тігіп, желге танауларын тосып, елең қақты. Анау не, бұлт 
емес пе? Жаңбыр уақытылы жауар ма екен? Қара несер селдете қу- 
йып, топырақ бетін шайып, қылтия қалған өскіндерді ағызып әкетпей 
ме? Ал Евфрат, Инд пен Сары өзен алабындағы диқандар тап осын- 
дай көңіл толқынысымен су деңгейін өлшеді: олар өзен суының көтері- 
ліп, тарамдалған ирригациялықжүйені толтыруын, тасқын су кері қайт- 
қанда егістік алқапқа таудан алып келген қунарлы көң мен топырақты 
қалдыруын күтті. Алайда тым толағай әрі тосын тасқын да қуаңшылық 
лебі сияқты егінге қолайсыз тиюі, майқандап кетуі мүмкін.
Егіншілер мен малшылар болашақ жөнінде белгілі бір себептер 
пайда болғандықтан емес, адамдардың да қолынан көп нәрсе келетін- 
діктен мазасызданды. Диқан егістік алқапты тазартып, суару арықтарын 
қазды, көп дән себе алды. Ол жаны dpi, жігері мұқалмас құмырсқадай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет