&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лық революцияны жоспарлаған жоқ және адамның дәнді дақылдарға



Pdf көрінісі
бет98/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лық революцияны жоспарлаған жоқ және адамның дәнді дақылдарға
тәуелді болуын әдейі ойластырған емес. Таяу турған қарапайым мақ-
саттарды - қарын тойдыруды, қандай да бір қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді ғана көздеген бірнеше жеңіл шешім қабылдады; бірақ нәтиже-
сінде бұл шешімдер ежелгі аңшы мен терімшілерді шақырайған күннің
астында қисапсыз қүмырамен су тасып, бидайды суаруға мәжбүрледі.
Жоғарыдан араласу
Тузақ теориясы - аграрлық революцияны өкінішті қателік ретінде
қарастырады, тарихта бұдан да сорақы жаңсақтықтар мысалы жетер-
лік. Басқа да болжамдар бар. Мүмкін, соншама күрт өзгерістерге ұшы-
ратқан тұрмысты жеңілдету қамы емес шығар. Адамның басқа мақ-
саты болуы мүмкін, мәселен, соған жету үшін өз өмірін саналы түрде
күрделендірсе ше?
Ғалымдар тарихи факторларды экономика мен демографияның
қасаң түсініктерімен ұштастыруға тырысады - муны рационалды, ма-
тематикалық ойлау жүйесі талап етеді. Бүгінгі тарихты зерделеу бары­
сында идеология мен мәдениет сияқты материалдық емес факторлар­
ды есептен шығарып тастау мүмкін емес. Бұл жерде елемеуге қақымыз
жоқ, жазба айғақтар қолда бар. Көптеген құжаттар, хаттар мен мемуар-
лар Екінші дүниежүзілік соғыс азық-түлікжетіспегеннен немесе тұрғын-
дар саны шектен тыс көбейіп кеткендіктен басталмағанын дәлелдей-
ді. Алайда натуфий мәдениетінің құжаттары жоқ, міне, сондықтан да
соншама көне дәуірді зерттеу ісінде кесімді уәжді материалистер ғана
84


А ГРА РЛЫ Қ РЕВОЛЮ ЦИЯ
айта алады. Жазу-сызуды әлі білмеген адамдардың экономикалық қа- 
жеттіліктерден гөрі дінге жүгінгенін қалай дәлелдейсің?
Кей-кейде, өте сирек жағдайда сәттіл ік осы жұмбақтың кілтін жолдай- 
ды. 1995 жылы археологтар Түркияның оңтүстік-шығысындағы Гөбеклі- 
тепені (Томпақтөбе) қаза бастады. Ежелгі қабаттан қоныстың, үйлер мен 
тұрмыс заттарының іздері байқалмады, есесіне, одан ғажайып өрнекпен 
бәдізделген монументалды конструкция - салмағы 7 тоннадай, биіктігі 
5 метр балбал тас табылды, ал таяу маңдағы тас кенішінен бәдізделуі 
бітпеген, салмағы 50 тонна тартатын тағы бір сынтасты қазып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет