Ол ештеңе таппаса, Исав егістік алқабын сатпаған да, жалға бермеген де болып шыға ма? Немесе тақташаның табылмауы қужаттыңжоғалуы болып есептеле ме, мәселен, он жыл бұрын мүрағатты жаңбыр суы шайып, балшыққа айналып кетуі мүмкін емес пе? Абзалы, мәмілені қыш тақташаға сыналап жазу аз - ақпаратты дәл, тиімді әрі дұрыс өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Үйымдасты- рудың белгілі бір амалдары, мысалы, каталогтар, көшірмелеу тәсілі (ксерокс болса, қандай жақсы); тез әрі дәл іздестіру әдістері (компью- тердің керегі осындайда); осынау аспаптардың бәрін пайдалана біле- тін біртоға әрі үңғыт мұрағат маманы керек-ақ. Мүндай әдістерді үйымдастыру жазудың өзін ойлап табудан да қиын болып шықты. Археологтар әлі де бірнеше жылда бір рет әлде- қандай ұмыт қалған жазу үлгісін тауып алып жатады. Табылған үлгілер арасында шумердің қышқа бәдіздеп түсіретін жазуынан да көнелері болуы әбден мүмкін, бірақ олар енді еш пайдасы жоқ жәдігерлер кү- йінде қалады. Себебі осынау жазу үлгісін ойлап табушылар тәртіптеу- дің, ең болмағанда қажет деректерді іліп алу тәсілдерін ойластырма- ған. Шумер патшалығы, перғауындар дәуірінің Мысыры, ежелгі Қытай, инктер империясы нақ осыны ескергендігімен ерекшеленеді. Олар құжаттаудың, катологтау мен деректерді екшеп шығарудың жосықты жолдарын жасай білген. Бұған қоса, бұл мәдени ортада бітікшілерді, есепшілерді, кітапханашылар мен мұрағатшыларды оқытып-үйрету- ден ақша аяған жоқ. Оқып-үйрету оңай шаруа емес еді. Ежелгі Месопотамияда шәкірттердің көшіріп жазуына тура келген жаттығу сақталған. Бұл мәтін осыдан 4000 жыл бүрын оқыған студент- тің өміріне үңілуімізге мүмкіндік береді: «М ен кірдім д е отырдым, үстаз тақташ ам д ы оқып шықты.