лион адам мекендеген, қазіргі Пару, Эквадор мен Боливия, сондай-ақ Чили, Аргентина жәнө Колумбия өлдерінің жар аумағын қамтыған инк- тер империясында шарықтай дамыды. Кипудің көмегімен инктер ақ- параттың ауқымды мөлшерін сақтап, қорытып отырды, онсыз мұндай алып империяның күрделі әкімшілік жүйесі қызмет атқара алмас еді. Кипу ақпарат сақтаудың соншалықты дәл, әрі оңтайлы пішімі бо- лып шықты. Тіпті Оңтүстік Американы жаулап алғаннан кейін бастап- қы кезде конкистадорлардың өздері оны жаңа иеліктерін басқару ба- рысында пайдаланды. Бірақ елеулі мәселе туындады: испандықтар кипудің көмегімен жаза да, оқи да алмады, сондықтан тұрғылықты ма- мандарға кіріптарлыққа түсті. Құрлықтың жаңа қожалары, бұл жағдай өздерін түйыққа тірейтінін шапшаң түсінді: жергілікті тұрғындар өздері жек көретін мырзаларды алдап-арбап, тонай алды. Испандықтар би- лігі біршама нығайған бойда кипу қолданыстан шығарылып, жаңа им- периядағы жазбалардың барлыгы латын әліпбиімен және Еуропада қабылданған цифрлармен жүргізілді. Үзаққа созылған испан басқын- шылығынан кейін тым аз кипу аман қалды, енді олардың жұмбағын шешудің орайы келер емес - ежелгі кипу оқу өнері жойылып тынды. Бюрократияның кереметі Андты мекендеушілерден Месопотамия түрғындарының айырма- шылығы, ақыр аяғында, көңілсіз сандардан басқа тағы бірдеңе жазуға бәрібір талпынды. Б.з.д. 3 00 0 -2 5 0 0 жылдар аралығында жазудың шу мер жүйесі біз қазір «сына жазу» деп атайтын толық жүйеге жеткенге дейін біртіндеп жаңа таңбалармен молыға берді. Б.з.д. 2500 жылдың ортасында патшалар әліпбиі жарлық шығару үшін сына жазуды пайда ланды. Абыздар көреген ойларын қаттап, тіпті қатардағы азаматтар да хат жазыса бастады. Шамамен сол дәуірде мысырлықтар төл әліпбиі