ЕКІНШІ БӨЛІМ
сұлбаларын, қасиеттері мен құлқын есте сақтады. Олар күзде
шегіршіннің түбіне өсіп шығатын тыржыңқы сары саңырауқұлақтың
улы екенін, ал соған сырт пішіні үқсас, қыста емен түбінен қылтиятын
саңырауқұлақтың асқазан дертіне ем болатынын білуге тиіс болды.
Аңшылар мен терімшілер, сондай-ақ тайпаластарының мінез-қүлқы
мен қарым-қатынастарын мида сақтады. Люся Джонның қыр соңынан
қалмай, қырындай бергенінен ығыры шығып, араша тұрар біреуді іздесе,
кімге шағынарын түйсінді: иә, айтпақшы,
өткен аптада Джон Мэриді
ренжітіп еді ғой, демек, Мэри бұған жактасып, Джонға құлшына қарсы
шығады. Тұрмыс жағдайлары адам миының эволюциясына ықпал етті,
соның нәтижесінде, ол ботаникалық, зоологиялық, топографиялықжәне
әлеуметтік мәліметтердің орасан зор мөлшерін сақтап, өңдеуді үйренді.
Ал аграрлық революция нәтижесінде бұрынғыдан да күрделі қоғам
қалыптасты. Енді өмірлік маңызы зор мағлұматтың жаңа тұрпаты - ма-
тематикалық ақпарат пайда болды. Терімшілер қомақты
сандарға көп
бас қатырған емес. Олардың ешқайсысынан ормандағы барлық ағаш-
тың жемісін санап шығуды ешкім талап еткен жоқ. Сондықтан да адам
миы сандарды сақтап, өңдеуге бейімделіп үлгермеді. Ал үлкен патша-
лықты басқару үшін математикалық деректер ауадай қажет еді. Заң-
низам шығарып, қамқоршы-құдайлар туралы мифтерді айту жеткілік-
сіз, алым-салық жинау керек. Жүз мыңдаған адамға салық салу үшін
олардың табысы мен жылжымайтын мүлкі туралы, төленген ақшасы,
қарыздары мен айыппұлы туралы, жеңілдіктері мен артықшылықтары
туралы ақпарат керек. Бұл - миллиондаған байт, соларды сақтап, тал-
дау жасау қажет. Осынау орасан мол мәліметтің мәнін түсініп алмай,
өкімет өзінің қандай
ресурсқа ие екенін, қосымша тағы қандай ресурс
жинау керегін бағамдай алмас еді. Бірақ жыпырлаған сандардың бәрін
сақтап, мұқтаж кезінде жадтан екшеп алу, өңдеу қажеттігіне тап келген
кезде адамның миына шектен тыс жүк түсіп, мүдіріп қалады.
Мидың бұл ерекшелігі адам ұжымдарының өсіп-өніп, күрделену
мүмкіндігін елеулі түрде шектеді. Қандай да бір қоғамда адамдар мен
дүние-мүлік саны шамаға жетуі мұң екен, сол бойда математикалық
ақпараттың
орасан мөлшерін сақтап, өңдеу қажеттігі туындады, ал
адамның миы оны сыйғыза алмағандықтан, кезекті бір жүйе күйре-
ді. Аграрлық революциядан кейін, тағы да бірнеше мың жыл өткенде
адамзат қоғамы салыстырмалы түрде қарапайым күйінде қала берді,
әрі көлемі де ұлғаймады.
Бұл мәселені тұңғыш рет Оңтүстік Месопотамияны
мекендеген шу-
мерлер шешті. Онда аңызақ лебі есіп, күн сәулесі күйдірген, қүнарлы көң
мен тыңайған жазыққа бітік егін шығып, өркендеген қалалар бой көтерді.
Тұрғындар саны қарыштай өсіп, олардың іс-әрекетін үйлестіру үшін ка
жет ақпарат ауқымы да арта түсті. Б.з.д. 3500-3000 жылдар аралығында
белгісіз күйінде қалған бір данышпан ақпаратты адам миынан тысқары
жерде сақтау амалын - математикалық деректерді өңдеуге арналған
Достарыңызбен бөлісу: