Е КІН Ш І БӨЛІМ
21. Апартеид уақытында жағажайда турған, ақнәсілділерге ғана шомылуға рұқсат
берген ескертпе. Ашаңдау адамдар қара түстілерге қарағанда күн көзінен көбірек
зиян шегуі мүмкін. Оңтүстік африкалық жағажайларды нәсілге неге мундай жолмен
бөлгенін қисынға сыйдыра алмаймыз. Акнәсілділерге арналған мундай
жағажайлар ультракүлгін сәулені әлсіреткен де емес.
Бірақ осы иерархия атаулының бәрі - адам қиялының жемісі екенін
түсінеміз ғой. Брахмандар мен шудралар алғашқы адамның әртүрлі
ағзасынан жаралған емес. Касталар арасындағы айырмашылық Сол-
түстік Үндістан тұрғындары осыдан шамамен 3000 жыл бұрын ойлап
тапқан заңдармен және нормалармен бекіген. Аристотельдің айтқа-
нына қарамастан, құлдар мен азат адамдар арасынан ешқандай био-
логиялық айырмашылық табылмады. Адамзат баласы қабылдаған
заңдар мен нормалар адамдардың бір бөлігін - құлдарға, қалғанда-
рын олардың қожаларына айналдырып жіберді. Ақ және қара адамдар
арасында терінің түсі мен шаштың тұрпаты сияқты кейбір биология-
льщ айырмашылықтар байқалады, бірақ бұл айырманың интеллекті
мен моральға қатысы барын айғақтайтын еш дерек жоқ.
Адамдардың көпшілігі өзі өмір сүретін қоғамның иерархиясын
табиғи әрі бірден-бір әділетті құрылым санайды. Мұндай қоғамның
барлығы жалған да ерсі критерийлерге бағынады. Бүгіндері Батыс
жұртшылығы өзінің нәсілдік иерархия идеясына тыжырына қарайды.
Қаранәсілділердің «ақ» махаллаларға қоныстануына, ақнәсілділер
Достарыңызбен бөлісу: