қарсы шығып отыр. Әр мәдениет, шынында да, өзіне тән нанымдар- ды, жосындар мен құндылықтарды иеленді, бірақ олардың бәрі ұдайы қозғалыста болады. Өзгерістерге көрші мәдениеттермен өзара әре- кеттесуі немесе қандай да бір сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ мәдениеттің ішкі динамикасы да көзге шалынып қалады. Тіпті толық оқшауланып, экологиялық тұрақты қоршауда түрған мәде- ниеттің өзі мызғымаған төл қалпында сақталмайды. Адам орнатқан кез келген тәртіптің айнымалылықты жат санайтын физика заңынан айырмашылығы: өз ішінде қарама-қайшылыққа ұрынып жатады. Мә- дениет үнемі осы қарама-қайшылықтар түйінін тарқатуға талпынады. Осылайща, өзгерістердің үзіліссіз үдерісі жүре береді. Мысалы, ортағасырлық Еуропа ақсүйектері христиан дінінің догмат- тарына да, рыцарьлықтың идеалдарына да сенді. Таң ата ақсүйек шір- кеуге барып, үн-түнсіз уағыз тыңдады. «Мынау дүниедегі әбігершіліктің 146
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ бәрі бекер, - деп жар салды мінберден діни қызметкерлер. - Байлық, молшылық пен атақ-даңқ - соңы қауіпті жол. Олардың бәрін тәрк етіп, Исаның ізімен жүріңдер. Оның момындығын өнеге тұтып, қанағатсыз- дық пен зорлық-зомбылықтан қашыңдар. Әлдекім шапалақпен ұрып жіберсө, бетіңнің екінші жағын тосыңдар». Үйге үнсіз ойланып қайтқан вассал барқыт пен жібек киімдеріне малынып, қожайынының сарайын- дағы тойға асығады. Шарап өзендей тасып, менестрельдер (ән салатын жалшы) Ланселот пен Гвиневраның махаббатын ән мен жырға қосады, қонақтар өдепсіз әзілдерімен қағытып, қанқұйлы әскери хикаяларын ай- туға көшеді. «Масқараға ұшырағанша, өлген артық! - деп лепіреді ба- рондар. - Ар-намыс аяққа тапталса, мұндай қорлықты қан ғана жуады.