EKIHLUI Б Ө Л І М
үйренеді. Олар еркектер барша уақытын төбелеске және т.б.
бәсекелерге жұмсап жүрген шақта өзара ынтымақтасып,
балаларын
бірге өсіреді. Осылайша, еркектердің әлеуметтік дағдылары мен
байланыстары іс жүзінде дамымай қалады. Боноболар мен пілдердің
үйірлері ұрғашылардың өзара әрекеттесу желісінің қатаң бақылауында
болады, ал өзімшіл әрі ынтымақтасуға бейімсіз аталықтар шетке
шығарылады.
Пілдер мен боноболар үйірлері осылай қалыптасса, неге
Homo
sapiens-
тер солай топтасады? Sapiens-тер - дене күші
жағынан осал
түр, олардың басты басымдығы - үлкен ұжымдарға біріге білуі. Әйел-
дер көмекке және міндетті түрде еркектің жәрдеміне зәру болғанның
өзінде де әлеуметтік дағдылары мен бірігу білігін пайдалана отырып,
агрессивті, өзімшіл әрі бытыраңқы еркектерге үстемдік ету, оларды
ырқына көндіру үшін ғана ынтымақтаса алатын сияқты көрінеді.
Тіршілігі ынтымақтастыққа тікелей байланысты түр ұжымдасуға
бейімсіздеу мүшелерін (еркектерді)
билік басына жіберіп, ал қауым-
даса білетін жандарды (әйелдерді) бағынышты, басыбайлы жағдайға
не үшін түсіріп қойды? Бұл - гендер тарихындағы түйінді сұрақ, әзірше
оған біздің жауабымыз жоқ. Сірә, әлгі болжамдардың бәрі дұрыс емес
шығар. Бәлкім,
Homo sapiens
түрінің еркегі дене күшімен, агрессивті-
лігімен және бәсекеге бейімділігімен емес,
керісінше, әлеуметтік дағ-
дыларымен әрі ынтымақтастыққа аса қабілеттілігімен ерекшеленетін
шығар? Әзірше, мүны білмейміз.
Анық білетініміз: соңғы жүз жыл ішінде бүл салада нағыз револю
ция болды. Ол өмірдің барлық саласына еркек пен әйел арасындағы
теңдікті тез өрістетіп қана қоймай, қоғамның гендер мен жыныстар
айырмашылығы туралы ең негізгі ұғымдарды ой
елегінен өткізе бас-
тауынан тұрады. Гендерлік айырмашылық әлі де біршама байқалса да,
жағдай жылдам өзгеріп келеді. XX ғасыр басында әйелдердің дауыс
беру құқығы жайлы әңгіме АҚШ-та сорақы идея іспетті қабылданатын.
Ал кабинеттің әйел-хатшысы немесе Жоғарғы соттың әйел-судьясы
туралы айтудың өзі ойға келмейтін. Ал гомосексуалдық жабық тақы-
рып болғаны сонша, ол жайлы ауыз ашуға да рұқсат жоқ еді. XXI ғасыр
басында әйелдердің дауыс беру құқығы қалыпты жағдай. Кабинеттің
әйел-хатшысы лауазымына ешкім таңданған емес. 2013 жылы Жоғар-
ғы
соттың бес бірдей судьясы, оның үшеуі әйел, біржынысты некені
заңдастыру туралы шешім қабылдады.
Дәл осындай өзгерістер гендер тарихын соншалықты күрделі етіп
көрсетеді. Бүгінгі күні осындай мысалдар арқылы патриархаттық жүйе
ойдан шығарылған әншейін бір аңыз-әңгіме, биологиялық нақты дерек-
тер емес десе, бұл жүйенің әмбебаптығы мен тұрақтылығын кім түсінді-
ріп бере алады?
Достарыңызбен бөлісу: