өлде түратын дөулөтті шаруаның шалғайдағы аймаққа барғанын елес-
тетіп көріңізші. Оның байлығы, ең бастысы, үйі мен күріш егетін алқа-
бынан тұрады. Уйі мен өгістігін ол өзімөн бірге алып жүре алмайды,
оларды тек бірнеше тонна күрішке айырбастай алады, бірақ оны бү-
кіл ел аумағымен тасымалдаудың машақаты мол әрі қымбатқа түседі.
Бұл мәселені де ақша шешеді. Өзінің осынау меншігінің бәрін арқалап
жүре беруге оңтайлы бір қапш ы қ- каури бақалшығына айырбастайды.
Сақтау, орнын ауыстыру және айырбастау оңай болуына бай-
ланысты ақша күрделі сауда желілөрі мен өсімі қарқынды нарықтың
қалыптасып, жөтілуінде шешуші рөл атқарды. Сауда жолдары мен
базарлар ақша болмаса көлемі, қарқыны азайып, қарапайым ғана құ-
рылым болып қалар еді.
Ақша қалай жұмыс істейді?
Ақша - байлықты сақтап, орын ауыстырудың тиімді тәсілі: жер те-
лімі немесе ешкілер сияқты ауыртпалығы мол материалдық мүлікті
шағын әрі оңтайлы нәрсеге, мысалы, каури бақалшығына айналдыра-
ды. Бірақ бақалшық ұжымдық қиялымызда ғана қүнды болып көрінеді.
Олардың қүндылығы химиялық құрамына, түсі мен пішініне байланыс-
ты емес. Басқаша сөзбен айтқанда, ақша - материалдық емес бол-
мыс, тек психологиялық конструкция ғана. Қандай бір жолмен материя
бұл жерде қиялға айналады. Бұл сонда қалай жүзеге асады? Неліктен
адам құнарлы күріш алқабын пайдасыз бір уыс бақалшыққа ауысты-
рады? Немесе мына жас бикешті қараңыз: бірнеше жапырақ боялған
қағазға бола гамбургер қуырып, үш тентек баланы бағып күтуге, әлде
акциясын айырбастауға қалай келісті?
Адамдар ұжымдық қиялындағы нәрсенің бәріне сенім арта оты-
рып, осылай айырбас жасады. Сенім дегеніміз - нағыз шикізат, одан
кез келген монета шығады. Дәулетті егінші бүкіл мүлкін бір қапшық ба-
Достарыңызбен бөлісу: |