лыға өлшем болған арпа дәнінің белгілі бір мөлшері ғана. Ең басты
өлшем белгісі, шамамен бір литр болатын ыдысқа толтыра салған дән
еді. Сатып алушы мен сатушы арпаның қажет мөлшерін өлшеп алуы
үшін сыйымдылығы қалыпты ыдыстар шығарды. Жалақы да арпамен
белгіленіп, төленді; мәселен, еркектер айына - 60 күш (sila), ал әйел-
дер 30 күш дән алды. Іс басқарушыға 1200-ден 5000 күшке дейін жа-
лақы берілді. Әрине, ең қомағай адамның өзі соншалықты арпа жей
алмайды, есесіне, іс басқарушы әлгіге басқа нәрселерді: май, ешкі,
құлдар немесе тағы басқа тағам түрлерін сатып алды8.
Дән қарапайым құндылыққа ие болғандықтан: оны тауар деп қана
есептемей, монетаға айналдыру қиынға түскен жоқ. Мұны түсіну үшін
бір жергілікті дүкенге барып, бір қап арпаны беріп, орнына көйлек не
месе пицца сатып алуға тырыссаңыз не боларын ойлап көріңіз. Сату-
шылар бірден күзет шақыратын болар. Не десек те, ақшаның алғашқы
бір бейнесі ретінде, адамдар арпаға сенім артты, себебі арпаның құны
жоғары еді. Адамдар оны жей алды. Екінші жағынан, оны сақтап, та-
сымалдау оңай емес. Өзіндік құндылығы жоқ, әйтсе де тасымалдап,
сақтауға өте қолайлы ақшаға адамдар сенім артқан кезде экономикаға
жаңа қарқын бітті. Мұндай ақшалар Месопотамияда б.з.д. 3000 жы-
лында пайда болды. Бүл күміс шекел еді.
Күміс шекел - монета емес, өлшем шамасы: 8,33 грамм болды.
Хаммурапи заңы бойынша күңін өлтірген жағдайда ақсүйек оның қожа-
йынына 20 шекел күміс төлеуге тиіс - бұл 20 монета санап беру емес,
166 грамм күміс өлшеп беру дегенді білдірді. «Көне Өсиетте» көбінесе
монетамен емес, күмістің салмағымен есеп айырысады: мәселен, аға-
лары Иосифты 20 шекелге, яғни 166 грамм күміске (әйелдің құнымен
тең) сатады, өйткені ол ересек адам емес, әлі бала ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |