ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
әртекті этникалық топтар мен климат белдемдерін бір саяси шекпен
ішіне кіргізіп, адамзат қауымы мен Жер ғаламшарының біртұтас үлкен
бөлігіне айналдыруға мүмкіндік берді.
Атап айтсақ,
империя өзінің шығу тегімен, басқару формасымен, жер
аумағы көлемімен және тұрғындар санымен емес, ең алдымен, мәдени
әралуандығымен және шекарасының жылжымалығымен көзге түседі.
Империя әрдайым жаулап алу арқасында пайда болмайды. Афиналық
Архе
- ерікті әскери одақ ретінде, ал Габсбургтер империясы жақсы ой-
ластырған әлеуметтік одақтасу тізбегі арқасында құрылды. Империяны
әрдайым жеке-дара билеуші басқара бермейді. Тарихтағы даңғайыр мем-
лекет - Британ империясы демократиялық үкімет басқаратын күнге де
жетті. Демократиялық немесе, ең кем дегенде, республикалық империя-
лар
қатарына Голландия, Франция, Бельгия мен Америка жатады, кене
заманда Новгород, Рим, Карфаген мен Афина осы санатқа кірген еді.
Көлем де онша маңызды емес. Кішкентай империялар да бар. Ацтек-
тер империясы қазіргі Мексикадан кіші болды. Сөйте тұра, ол қазіргі Грекия
мен Мексикаға қарағанда толыққанды империя еді. Афина одағында да,
Ацтектер державасында да ондаған, тіпті жүздеген әртүрлі мемлекеттік қү-
рылымдар біртіндеп бірігіп, түтасып кетті, ал Грекия мен Мексикада олай
емес. Афина тәуелсіздігінен айырылған жүздеген полиске үстемдік етті;
ацтектер, салық тізіміне сүйенсек, 371 тайпаны басқарған екен1.
Қазіргі кезде орташа көлемдегі мемлекет әзер
сиятын аумаққа құ-
рамы соншама ала-құла адамдарды сығылыстыра сыйғызып жіберудің
қалай сәті түскен? Мұның сыры мынада: баяғы заманда жер бетінде ха-
лықтар әлдеқайда көп болғанымен, олардың саны аз еді әрі шағын жер
аумағына иелік етті. Қазір Жерорта теңізі мен Иордан өзенінің аралы-
ғындағы жерге
екі халық сыйыса алмай отыр, ал Библия түскен уақытта
ондаған ұлт өкілдері, тайпалар, титімдей патшалықтар, қала-мемлекет-
тер осы маңда емін-еркін өмір сүрген еді.
Міне, дел осы империялардың салдарынан адамзаттың әралуан-
дығы елеулі түрде азайған. Империялық зілмауыр доңғалақ көптеген
халықтың (нумансиялықтар сияқты) ерекше
қорларын жоя әрі жаңала-
рын әлдеқайда ірі қауымдарын құра отырып, жаныштап өткен.
Достарыңызбен бөлісу: