&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ше, сол кезде діннің, сауда-саттық пен әлеуметтік жіктелімнің қалып-



Pdf көрінісі
бет24/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ше, сол кезде діннің, сауда-саттық пен әлеуметтік жіктелімнің қалып-
тасқанына бұлтартпас дәлел табылды ғой.
27


БІР ІН ШІ БӨЛІМ
Зерттеушілердің көпшілігі осынау теңдессіз жетістіктерді револю- 
цияның жемісі деп есептейді: неандертальдықтармен бәсекеде мере- 
йі үстем шыққан, Австралияға қоныстанған, піл сүйегінен штадельдік 
арыстан-адамды бәдіздегендер мына біз сияқты ойлап, сөйлеп жүрген 
еді. Штадель үңгірінен шыққан суретшілермен танысып, олардың тілін 
үйрене алар едік, өйткені олар - біз. Оларға білетініміздің барлығын -
Кереметтер еліндегі Алисаның хикаяларынан бастап, квантты физи- 
каның қарама-қайшылықтарына дейін түсіндіріп берер едік, ал олар 
бізге мынау дүниені өздерінің қалай ұғынатындарын әңгімелер еді.
Когнитивті революция деп 70-30 мың жылдар бүрынғы кезеңде 
қалыптасқан ойлау мен тілдесудің жаңа тәсілдерін атайды. Мұндай 
революцияға не түрткі болды? Мұны анық білмейміз. Ең көп тараған 
теория кездейсоқ генетикалық мутация - адам миының ішкі «жемісін» 
өзгертіп, sapiens-тер ойлау мен сөз тіркестерін пайдаланып, тілдесу бі- 
лігін бойға дарытқанын алға тартады. Бұл мутацияны «таным діңі» деп 
атауға болады. Мутация неліктен неандертальдықтың бойында емес, 
sapiens-тің генінде жүрді? Бұл, біздің пайымдауымызша, таза кездей- 
соқтық еді. Таным діңінің себептерін емес, салдарын ой елегін өткізу 
маңыздырақ. Sapiens жаңадан игерген тілдің ерекшелігі не, онымен 
әлемді қалай жаулап алды?*
Бұл жер бетіндегі алғашқы тіл емес еді. Жануарлардың әрбір тү- 
рінің өз тілі бар. Тіпті жәндіктер, аралар, қүмырсқалар аса күрделі 
әдіппен тіл қатысып, бір-біріне азықтың көзі туралы хабарлайды. Жа- 
нуарлар, соның ішінде ірілі-ұсақты маймылдардың барлығы дыбыстық 
сигналдар арқылы тілдеседі. Мысалы, жасыл мешіндердің тілі алуан 
түрлі қышқырудан тұрады. Зоологтар солардың арасынан кейбіреуле- 
рінің: «Сақ бол! Бүркіт!» (және сол сияқты: «Сақ бол! Арыстан!») деген 
дыбыстық белгінің мағынасын шеше білді. Зерттеушілер таспаға жа- 
зылған алғашқы айқайды естірткенде мешіндер қалт тоқтап, аспанға 
үрейлене қарады, ал екінші дыбыстық дабылды қосқанда, бәрі жаппай 
ағаштың басына қарай өрмелей жөнелді. Жасыл мешіндерге Караган­
да sapiens-тер әлдеқайда айқын дыбыстар шығарды, бірақ мұндай қа- 
білеттен піл де, кит те құралақан емес қой. Тотықұс адамның аузынан 
шыққан сөздің бәрін, сондай-ақ басқа да дыбыстарды: телефонным 
шылдырын, есіктің шиқылын, сиренаның бажылдағанын айнытпай 
қайталай алады. Сонда біздің тіліміз несімен ерекшеленеді?
Әдетте адам тілінің негізгі артықшылығы ретінде оның икемділігін 
сөз қыламыз. Дыбыстар мен ым-ишараның аздаған мөлшерін әрқилы 
қүрылымға біріктіре отырып, сан алуан мағынасы бар сөйлемдердің 
таусылмастай тізбегін жасап шығара береміз. Демек, қоршаған орта 
туралы ақпараттардың алапат мөл шерін қабылдап ал ып, сақтаймыз әрі 
тарата аламыз. Жасыл мешін серіктеріне: «Сақ бол! Арыстан!» - деп 
ескерту жасауға ғана қабілетті, ал адам дос-жарандарына таң әлетінде 
өзен бойынан арыстанды көргенін, ол бизондарды қуалап жүргенін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет