&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


каға аттанбай, Джеймс Кук Австралияға жетпей қалуы мүмкін, ал Нил



Pdf көрінісі
бет318/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

каға аттанбай, Джеймс Кук Австралияға жетпей қалуы мүмкін, ал Нил
Армстронг Ай бетінде адымдай алмас еді.
2 6 4


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
16-тарау
Капитализм ұстанымы
Империялар құрып, ғылымды дамыту үшін ақша аса қажет болды.
Бірақ осы бастамалардың түпкі мақсаты ма? Әлде бар болғаны қауіпті
мұң-мұқтаждық қана ма еді?
Ж аңа тарихтағы экономикалық фактордың шынайы рөлін ба-
ғамдау - оңай шаруа емес. Ақшаның мемлекеттерді құруға және қи-
ратуға қалай көмектескені, адамзаттың алдынан жаңа көкжиектер
ашып, миллиондаған адамды қалай қүлдыққа түсіргені, өнеркәсіпті
қалай алға бастырып, жануарлардың жүздеген түрін жойып жіберуге
септескені жайында талай қалың томдар жазылды. Сайте тұра, жаңа
заман экономикасының 500 жылы бір ғана лепес: «өсу» деген сөзбен
дөңгеленіп келеді. Жақсылыққа ма, әлде жамандыққа ма, кім білсін,
баққа ма, әлде сорға ма дегендей, біздің заман экономикасы құдды
гормондары бойына сыймай бара жатқан бозбала сияқты өсе берді.
Мыңжылдықтар бойы экономиканың ауқымы шамамен біркелкі
болды. Өнімдердің көлемі, негізінен, демографиялық үдерістер мен
жаңа жерлерді игеруге байланысты үлғайды. Жан басына шаққандағы
өндіріс шамасы тұрақты болды. Бірақ біздің заман мұның бәрін өзгерт-
ті. 1500 жылы әлемде 250 миллиард доллар тауар мен қызмет түрле-
рін өндірсе, қазіргі көрсеткіш 60 триллион долларға жетті. Маңызды-
сы - басқа нәрсе: 1500 жылы түрғындардың жан басына шаққандағы
жылдық табысы орташа есеппен 550 доллар болса, ал қазір әркімге
тіпті емшектегі балаға дейін жылына 8800 доллардан келеді1. Мүндай
таңғаларлық өсімді немен түсіндіруге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет