ТӨРТІНШІ БӨЛІМ нін, демек, нәсілшіл теорияларға арналған ғылыми негіздер жогын дәлепдеп бере алады. Ал тарихшылар мен антропологтар мәдениет- тер арасындағы айырмашылықтар соншалықты мардымсыз деп айта алмайды. Әрбірден соң мәдениеттің бәрі бірдей болса, онда мемлекет өзге өркениеттерді зерттеу үшін тарихшылар мен антропологтарға не- сіне ақша төлейді? Сонымен, ғылым мен империя бір-біріне көмектесті. Ғалымдар империализмді практикалық білімдермен, идеологиялық желеулер- мен және технологиялармен қамтамасыз етті. Мұндай демеусіз еуро- палықтар әлемді игере алмас еді. Империялар ғалымдарға қорғаныш болып, ақпарат беріп, ең түсініксіз әрі ақылға сыйымсыз жобаларын жүзеге асыру барысында қолдау көрсетті, ғылыми ойлау жүйесінің тәсілдерін шартарапқа, жердің ең шалғай түкпірлеріне дейін таратты. Империялардың қолдап-қоштауынсыз жаңа заман ғылымы тым алыс- қа ұзай алмас еді. Жаңалықтарының, коллекцияларының тіпті білім арналары мен стипендияларының едәуір бөлігі үшін ғылыми пәндер- дің түгелге жуығы мырзақол, жомартпейіл офицерлерге, капитандар мен губернаторларға қарыздар болмаса, ғылым империяға, оның өсіп- өркендеуіне қызмет етпес еді. Әрине, бірақ бұл толық тұжырым емес. Ғылымға империялар емес, басқа да институттар қолдау көрсетті. Еуропалық империялар ғылым- ның арқасында ғана өсіп-өркендеді. Ғылым мен империялардың қа- рыштай көкке көтерілуінің арғы жағында тағы бір қуатты күш түр. Көзі қырағы қадағалаушы чек кітапшасын ұмсына ұстап, көлеңкеде түрған капиталист^ фрагы мен цилиндр қалпағын таныр еді. Іскер адамдар көл-көсір пайда табу мүмкіндігін алдын ала сезбесе, Колумб Амери-