&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Бәліштің күмпиетініне сену уақыт өте келе революциялық идеяға



Pdf көрінісі
бет325/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Бәліштің күмпиетініне сену уақыт өте келе революциялық идеяға
айналып, 1776 жылы шотланд экономией Адам Смит тарихтағы ең ма-
ңызды экономикалық манифест болуы ықтимал еңбек - «Халықтар
байлыгы» (The Wealth of Nations) атты трактатын жариялады. Бірінші
томның сегізінші тарауында Смит тың идеяны былай тұжырымдайды:
«Егінші, тігінші немесе етікші отбасын асырауға қажет мөлшерден ар-
тык қаржы тапса, артығын жұмыскер жалдауға, осылайша өз табысын
бұрынғыдан да ұлғайта түсуге жұмсайды. Ж еке кәсіпкерлердің табы­
сын ұлғайту дегеніміз - жалпы байлық пен өркендеудің бастауы екені
осыдан шығады».
Бұл пайым соншалықты соны пікір болып көрінбеуі мүмкін, өйткені
бәріміз капитализм тұсында өмір сүреміз әрі Смит пікірін аксиома ре-
тінде қабылдап үйренгенбіз. Күн сайын жаңалықтардан осы тақырып-
қа арналған алуан түрлі ой-пікірлерді естиміз. Ал өзімшілдікпен жеке
пайда табудың соңына түсу жалпы байлықтың қайнар көзіне айналады
деген Смиттің ойы адамзат тарихындағы нағыз революциялық идея-
лардың бірі еді. Тек экономикалық жағынан емес, моральдық және
саяси қарым-қатынас жағынан да революциялық идея болатын. Шын
мәнінде, Смит ашкөздік - игілік екенін, байыған сайын адам өзіне ғана
емес, өзгелерге де пайда келтіретінін айтты. Ө зім ш ілдік- апьтруизм-
нің мәртебелі пішімі.
Смит адамдарды экономикаға «маған пайдалы - саған да пайда-
лы» деген қағидаға құрылған өзара тиімді ахуал ретінде қарауға үй-
ретті. Біз екеуміз бір мезетте бәліштің үлкенірек бөлігін үлеске алаты-
нымыз аздай, енді үлесіңдегі бәліш бөлігі менің қолымдағы кесіндінің
көлеміне қарай жағдайым жақсара береді. Кедей болсам, сен де ке-
270


---------------------------------------------------------------------------- ^ Ь І МИ РЕВОЛЮЦИЯ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет