Бүкіләлемдік бәліш әрқашан бір көлемде қалса, онда несие үшін пайда жоқ. Несие дегеніміз - бүгінгі және ертеңгі бәліштің арасындағы айырма- шылық. Айырма жоқ болса, несие беріп керегі не? Сіз несие берген аспаз немесе король бәсекелесінің қолындағысын жұлып ала білетініне үміт арт- пасаңыз, бұл тым тиімсіз тәуекел болып шығады. Сонымен, қазіргі заманға дейін несие алу қиын болды, ал алудың сәті түскен ретте ол аз мөлшерде- гі, қысқа мерзімде, жогары пайызбен қайтаратын қарыз болып шықты. Енді ғана іс бастап, шаруаға кіріскен кәсіпкерлерге жаңа наубайханалар ашу қиынға соқты, ал сарай салуды немесе соғысты ойлаған король салық пен алымды көбейте түсуге мәжбүр болды. Кәсіпкер дилеммасы.
Қазіргі заман экономикасының сиқырлы тізбегі.
26 8
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ Корольге жақсы-ау (тек қол астындағылар бүлік шығармаса бол- ды), ал нан пісіріп, қоғамдық ортада бір-екі саты жоғары көтерілуді ар- мандаған ыдыс жуушы король асүйіне шелекпен су таси жүріп, бұрын- ғысынша үздіге армандауын жалғастыра берді. Вұл өзара үтымды емес, өзара ұтылысты ахуал еді. Несие жетіс- педі, жаңа іске ақша табу өте қиын болды. Соған сәйкес жаңа кәсіп- орындар сирек ашылды, экономика өспеді. Экономика өспегендіктен, оның өсетініне ешкім сенбеді, тіпті ақшасы барлардың өздері қарыз беруге құлықсыз болды. «Болашақта жағдайымыз нашарлап кетсе...» деген оймен олар қарыз бермеді. Бәліш күмпие бастады Содан соң ғылыми революция сап ете қалды да, прогресс идея- сы тебе көрсетті. Идеяның мәні мынада еді: «білмейтініңді» мо- йындап, зерттеулерге қаражат жұмсасаң, ісің өрге баса жөнеледі. Идея табан астында экономикалық әлпетке ие болды. Прогреске