Экономика - өте күрделі пән. Кәне, мәселені оңайлатып, қиялдағы қарапайым мысалды талдап көрейік. Самуэль Гриди деген ілкімді іскер Калифорния штатындағы Эль- дорадода банк ашты. Тап сол Эльдорадодан шыққан қүрылысшы А.А. Стоун енді-енді алғашқы ірі жобасын бітіріп, миллион доллар қолма-қол алды. Ол осы ақшаны Гридидің банкіне салады. Енді банктің миллион доллар капи талы бар. Осы кезде сол Эльдорадоның тұрғыны, тәжірибелі, кәнігі аспаз Джейн Макдаун бизнес жасауға қолайлы сәт туғанын аңдайды: қаланың өзі тү- ратын бөлігінде наубайхана жоқ еді. Джейн нанды тамаша пісіреді, бірақ оның ғимарат сатып алып, пеш пен жуғыш орнатуға, пышақтар мен қалып- тар алуға ақшасы жоқ. Ол банкке келіп, Гридиге іс-жоспарын баяндап, оны 265 J
>
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ осы идеяға ақша салуға көндіреді. Гриди оған несиеге миллион доллар бо л т, Джейннің банктегі шотына аударады. Макдаун мердігерлікке Стоунды жалдап, дүкені бар наубайхана салып беруді тапсырады. Бұл жұмысқа ол да миллион доллар алады. Джейн банк чегімен толем жасайды да, Стоун оны Гридидің банкін- дегі жеке шотына - депозитке салады. Енді Стоунныңесеп шотында қанша ақша бар? Дұрыс, екі миллион доллар. Ал банктің сейфінде қанша қаржы жатыр? Иә, сол баяғы бір миллион доллар ғана. Шын мәнінде, қызық әлі алда. Құрылысшыларда жиі ұшырасатын әдетпен жұмыс жолортаға келгенде Стоун алдын ала болжанбаған мәселелер мен күтпеген шығындарға байланысты келісімшарттың ақшалай мөлшері екі миллионға дейін өсетінін миссис Макдаунға ес- кертеді. Миссис Макдаун бұған мүлдем разы емес, бірақ бастаған ісін