сенген адамдар, сондай-ақ географиялық жаңалықтар, техникалық өнертабыстар, байланыс желілерін дамыту, өндірістің, сауда-сат- тық пен байлықтың жалпы мөлшерін ұлғайтуға жол ашатынына да кәміл сенді. Үнді мұхиты арқылы өтетін бүрынғы сауда жолдарына нүқсан келтірместен, Атлантиканы көктей өтетін жаңа сауда жол- дары пайдаға кенелте алды. Ж аңа тауар түрлері лайда болды, ал бұрынғыларының өндірісі қысқармады. Мысалы, шоколад қосылған бәліш пен круассандар пісіруге маманданған наубайхана ашу мүм- кіндігі көбейді. Бұл бұрыннан ыстық нан пісіріп келе жатқан басқа наубайханаларға еш зиянын тигізген емес. Адамдарда жаңа талғам қалыптасып, олар тағамды көбірек жей бастады. Енді мен көршіні жүтатпай-ақ, байи аламын, жақыным аштан өлмей-ақ, семіре бере- мін. Дүниежүзілік бәліш күмпиіп, өсе түседі. Прогреске сену соңғы 500 жылда адамдарды болашаққа иек арта түсуге талпындырды. Сенімнен несие туады, несиеден экономиканың шынайы өсімі артады, ал экономиканың өсуі арқасында болашаққа се- нім нығаяды. Бүл бір не екі күнде бола салмайды. Экономика - ауа шарынан гөрі асфальт тегістеуші доңғалақ сияқты қозғалады. Жолдың ойқы-шойқы, шоқалақ жерлерін тегістеп шыққан бойда, жалпы бағыт қолмен қойғандай айқындала түседі. Қазіргі кезде әлемде бос несие- нің көптігі сонша - үкіметтер, компаниялар мен жекелеген адамдар қо- мақты, ұзақмерзімді қарыздарды төменгі үстемақысымен қиналмай ала береді. Олар өздерінің ағымдық табысынан бірнеше есе асып тү- сетін ақша мөлшерін алады. 2 6 9
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ *д а *заман эконо^ замэи эконом^. Жаһандық экономиканың қысқаша тарихы.