ларға ма, мемлекеттік облигацияға ма, әлде жылжымайтын мүлікке ме?» деген мәселені міндетті түрде талқылап жатады. Мемлекет бола- шақта пайда табу үшін салықты өндіріске бағыттауға тырысады. Мә- селен, жаңа айлақ салса, зауыттар өз өнімдерін экспортқа шығарып, табысты көбірек табады. Ол табыстың бір бөлігін салыққа жұмсайды да, сол арқылы мемлекеттің де табысы үлғаяды. Мемлекет білім беру 2 7 2
ҒЫ Л Ы М И Р Е ВО ЛЮ Ц ИЯ ісіне қаржы жұмсауды қалайды: білімді азаматтар жоғары технология- лы өндіріс салаларын дамытады, олар көп мөлшерде салық төлейді, онда айлақ салудың да қажеті болмай қалады. Капитализм экономиканың жұмыс істеуі теориясынан басталған. Теория - тек сипаттаушы емес, нұсқау беруші. Ол ақша қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, жедел экономикалық өсу үшін табысты өндіріс- ке жүмсау идеясын үсынды. Енді ол өзінің этикасын - адамдарға өзін қалай үстау, балаларын қалай тәрбиелеу, тіпті қалай ойлау керегін үйрететін ережелер жиынтығын тықпалауға көшті. Негізгі идея - эко- номикалық өсудің өзі жоғары игілік немесе қандай жағдайда да жо- ғары игілікке барар жол. Өйткені әділеттіліктің, бостандықтың, тіпті бақыттың өзі экономикалық өсімге байланысты. Зимбабвеге немесе Ауғанстанға әділеттілік пен саяси бостандықты қалай енгізуге болаты- нын капиталистен сүрап көріңізші, сол бойда тұрақты демократиялық институттар пайда болуы үшін экономиканың әл-ауқаты мен табанды орташа тап қажет екені, ауған тайпаларына еркін кәсіпкерлік, еңбек- керлік пен жеке бастамашылдық сияқты құндылықтарды дарытудың зәрулігі жөнінде дәріс тыңдар едіңіз. Ж аңа наным қазіргі заман ғылымының дамуына елеулі ықпал етті.