&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


йырады. Мадридтегі ініңіз - испан короліне қарсы, ал сіз шабата тігуші-



Pdf көрінісі
бет340/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

йырады. Мадридтегі ініңіз - испан короліне қарсы, ал сіз шабата тігуші-
нің үстінен сотқа арыз жазасыздар. Испанияда сот корольге бағыныш-
ты, сот төрешілері оның әмірімен әрекет етеді әрі жазаға ұшыраудан
қорқып, оның бетіне қарсы келе алмайды. Голландияда сот - биліктің
жеке бір тармағы, ел азаматтарына да, оларды басқаратын лауазым-
дарға да тәуелсіз. Мадрид соты ініңіздің шағымын қабылдамайды, ал
амстердамдық сот сізді жақтайтын шешім шығарып, шабата тігушінің
мүлкін тәркілеу арқылы оны қарызды өтеуге мәжбүр етеді. Әкеңіз екі
нәрсені: істі корольмен емес, саудагермен әрі Мадридте емес, Голлан­
дияда жүргізу керегін ұғынды.
2 7 7


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Ал ініңіз пәледен әлі құтыла қойған жоқ. Испания королінің армия-
ны асырауға ақшасы мүлде жетпейді. Ол әкеңізде басы артық қаражат
бар деп ойлайды. Сатқындық жасады деген жаламен ініңізді жазықсыз
түрмеге қамайды да, әкеңізге «20 мың алтын монета төлемесең, ба-
лаң қамақта шіріп өледі» деп қоқан-лоқы көрсетеді.
Бітті, төзім таусылды! Әкесі, әрине, сүйікті ұлын ақша төлеп, құт-
қарып алады да, енді ешқашан да Испаниямен байланыспаүға серт
береді. Мадридтегі филиалды жаүып, кіші ұлды Роттердамға жібереді.
Голландияда екі филиал ашу - тамаша идея. Тіпті испан байшыкеште-
рі де капиталды елдің шегінен шығарғылары келеді. Олар да капитал-
ды сақтап, еселей көбейту үшін заң билеп, жекеменшік құрметтелетін
елдерге, мәселен Голландияға, инвестиция салу керегін түсініп қалды.
Голланд саудагерлері инвесторлардың сеніміне ие болған кез-
де Испания королі, керісінше, оны жоғалтып алды. Голландия үкіметі
емес, дәл осы саудагерлер Голланд империясын құрды. Испания ко-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет