ТӨРТІНШІ БӨЛІМ на жарата алатын күрделі қаржы жүйесі дами түсті. Бұрынғы патшалар мен империяларға қарағанда, бұл жүйе «зерттеу және бағындыру» экспедицияларын әлдеқайда ұтымды қаржыландырды. Несие капи- талының қуаты Испания мен Нидерланд арасындағы қансүрей қақ- тығыста бар болмысымен көрінді. XVI ғасырда Испания Еуропадағы ең қуатты мемлекет болып, ұлан-ғайыр империяны билеп-төстеді. Ол Еуропаның бір бөлігін, Солтүстік және Оңтүстік Африканың біраз енді- гін, Филиппин аралдарын басқарып, Африка мен Азия жағалауларына базасын орнатты. Жыл сайын Севилья мен Кадис айлағына Америка мен Азияның қазына-байлығын тиеген кемелер керуені оралып жата- тын. Ал Голландия болса шағын, ешқандай табиғи ресурсы жоқ, испан королінің қол астында батпақтап, жел өтінде тұрған сүреңсіз бір түкпір еді. 1568 жылы голландтар, басым бөлігі протестанттар католик мыр- заларына қарсы көтерілді. Бастапқыда бүлікшілер бой бермейтін жел диірменіне тайсалмастай қарсы шапқан донкихоттар сияқты көрінген. Алайда сексен жылдың ішінде голландтар тәуелсіздігін ғана алған жоқ, сонымен қатар қарсыластарын мүхит маршруттарынан ығысты- рып шығарып, бүкіләлемдік Голланд империясын қүрудың әрі Еуропа- дағы ең бай елдердің біріне айналудың орайын келтірді. Голландтардың табысқа жетуінің кілті несие болды. Құрғақ жерде шайқасуды ұнатпайтын голланд брюгерлері испандармен соғысуға жатжерлік солдаттарды жалдап, ал өздері сол аралықта бұрынғыдан да ірі флотиялар жасақтап, теңізге шығып кетті. Жалдамалы армия