мол табыс табуды негізгі міндет санайтын капиталистер басқарды. Бір
таңғаларлығы, фрак пен цилиндр киген банкирлер мен саудагерлер
құрған империялар алтын зерлі оқа киіп, жарқыраған қару-жарақ асын-
ған корольдер мен аристократтар құрған империялардан күштірек бо-
лып шықты. Мүның мәнісі саудагерлер империясы жеңістерін жақсы
қаржыландыра білді: салықты ешкім төлегісі келмейді, ал инвестиция
салуға бәрі құлшынып тұрады.
1484 жылы Христофор Колумб Португалия короліне еліктірерлік-
тей ұсыныспен келді: Шығыс Азиядағы соны сауда жолдарын барлау
мақсатымен Батысқа қарай флот жасақтау жөнінде айтты. Мұндай экс
педиция өте қымбат әрі қатерлі еді. Кеме жасап, азық-түлік қорын са-
ҒЫ ЛЫ М И РЕВОЛЮЦИЯ
тып алуға, теңізшілерге жалақы төлеуге қыруар қаржы қажет әрі оған
жумсалған қаржының өтемі қайтарылатынына да ешқандай кепілдік
жоқ. Португал королі бірден бас тартты.
Бірақ бүгінгі стартаперлер сияқты, Колумб алған бетінен қайтпа-
ды. Ол идеясын Италиядағы, Франциядағы, Англиядағы және қайта-
дан Португалиядағы әлеуетті инвесторларға «сатуға» тырысты. Одан
ештеңе шықпады. Ақырында, енді ғана біріккен Испанияның әмірші-
лері Фердинанд пен Изабеллаға колка салды. Бул жолы тәжірибелі
лоббиціылдарды тауып, солардың көмегімен Изабелла патшайымды
көндірді. Кез келген оқушы білетін жайт - Изабеллаға утысты билет
тап келді: Колумбтың ашқан жаңалығы арқасында испандықтар Аме-
риканы бағындырып, сондағы алтын жене күміс кеніштерді игеруге кі-
рісті, темекі мен қант қамыстарыныңалқабын жайқалтты. Испанияның
королі, банкирлері мен саудагерлері шексіз байыды.
Жүз жыл өткеннен кейін корольдер мен банкирлер Колумбтың із-
Достарыңызбен бөлісу: |