БОК кемелерін зеңбірекпен жарақтандырып, Еуропа, жапон, үнді мен 278
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ Индонезия жалдамалыларын қатарға тартты, қамалдар салып, кең кө- лемді әскери әрекеттер мен шабуылдарға көшті. Бізге бұл қазір тым ерсі көрінер, бірақ сол кезде бұл табиғи нәрсе еді. Жеке компаниялар солдаттарды да жалдап, кемелер мен зеңбіректерді, тіпті кейде тұтас армияны сатып алды. Жұрттың бәрі бұған кәдуілгі тірліктей қарады, жеке компанияның империя құрғанына ешкім таңданған жоқ. Жалдамалы әскер аралдан соң аралды жаулай берді де, Индоне- зияның едәуір бөлігі БОК-тың колониясына айналды. 200 жылға жуық уақыт бойы компания Индонезияны билеп-төстеді. 1800 жылы арал- дар Нидерланд мемлекетінің қол астына өтіп, тағы 150 жыл оның ота ры болды. Бүгінде кейбіреулер XXI ғасырда корпорациялардың тым үлкен билікке ие болуынан сақтандырды. Жаңа заманның басы биз- нестің өз мүддесін көздей отырып, ешкім тежеу салмаса, тым алысқа құлаш сермейтінін еске салады. Голландтық «БОК» компаниясы Үнді мұхитында сайран салып жүргенде, голландтардың «Уест-Инд» компаниясы (УИК) Атлантика- ны табысты игеріп үлгерді. Стратегиялық маңызы бар Гудзон өзенімен тауарлар тасу ісіне бақылау орнату үшін УИК аралдағы өзен сағасына Ж аңа Амстердам кентін салды. Колонияға үндістер үнемі шабуыл жа- сап, ара-тұра ағылшындар соқтықты, ақырында, олар Ж аңа Амстер- дамды 1664 жылы басып алып, оны Нью-Йорк деп атады. Үндістер мен ағылшындардан қорғану үшін УИК салған қамал қабырғалары қазіргі кезде әлемге әйгілі көше - Уолл-стриттің астында көмулі жатыр. XVII ғасыр тәмамдалуға таяп қалған шақта қымбатқа түскен құр-