томның сегізінші тарауында Смит тың идеяны былай тұжырымдайды: «Егінші, тігінші немесе етікші отбасын асырауға қажет мөлшерден ар- тык қаржы тапса, артығын жұмыскер жалдауға, осылайша өз табысын бұрынғыдан да ұлғайта түсуге жұмсайды. Ж еке кәсіпкерлердің табы сын үлғайту дегеніміз - жалпы байлық пен өркендеудің бастауы екені осыдан шығады». Бұл пайым соншалықты соны пікір болып көрінбеуі мүмкін, өйткені бәріміз капитализм тұсында өмір сүреміз әрі Смит пікірін аксиома ре- тінде қабылдап үйренгенбіз. Күн сайын жаңалықтардан осы тақырып- қа арналған алуан түрлі ой-пікірлерді естиміз. Ал өзімшілдікпен жеке пайда табудың соңына түсу жалпы байлықтың қайнар көзіне айналады деген Смиттің ойы адамзат тарихындағы нағыз революциялық идея- лардың бірі еді. Тек экономикалық жағынан емес, моральдық және саяси қарым-қатынас жағынан да революциялық идея болатын. Шын мәнінде, Смит ашкөздік - игілік екенін, байыған сайын адам өзіне ғана емес, өзгелерге де пайда келтіретінін айтты. Ө зім ш іпдік- альтруизм- нің мәртебелі пішімі. Смит адамдарды экономикаға «маған пайдалы - саған да пайда- лы» деген қағидаға құрылған өзара тиімді ахуал ретінде қарауға үй- ретті. Біз екеуміз бір мезетте бәліштің үлкенірек бөлігін үлеске алаты- нымыз аздай, енді үлесіңдегі бәліш бөлігі менің қолымдағы кесіндінің көлеміне қарай жағдайым жақсара береді. Кедей болсам, сен де ке- 2 7 0
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ дейшіліктен шыға алмайсың, өйткені мен сенің тауарларың мен көрсе- тетін қызметіңді сатып ала алмаймын. Мен байысам, сен де байисың, өйткені маған бірдеңеңді сата аласың. Смит байлық пен мораль ара-