сындағы дәстүрлі қарама-қайшылықты теріске шығарып, бай-бағлан- дардың алдына да жұмақтың қақпасын ашып қойды. Бай болу - әдеп- тілік белгісі. Смиттің пікірінше, жақын-жуықтарын тонамай-ақ, ортақ бәліштің көлемін ұлғайта отырып, адамдар байыды. Ал бәліш күмпиіп өскенде жұрттың бәрі ұтады. Демек, байлар - ең пайдалы адамдар, қоғамды жарылқаушылар, өйткені олар баршаға ортақ өркендеуге же- телейтін өсімге ықпалын тигізеді. Тек бір ескертетін жайт: байлар кірісін болмашы ләззатқа шашпай, тапқан табысын жаңа фабрикалар ашып, жұмысшылар жалдауға жұм- сағаны маңызды. Смит құдды мантраның мәтіні сияқты: «Кірісі өссе егінші немесе тігінші көбірек көмекші жалдайды», ал «кіріоі өспесе, Скрудж монеталарын сандыққа салып тастайды да, қақпақты қазына- сын санау үшін ғана ашады» деген сөйлемді қайталай береді. Қазіргі замандағы капиталиста экономика жаңа этиканы ала келді: табысты өндіріс қуатын арттыруға, аясын кеңейтуге жұмсау керек. Өндіріс табыс алып келеді, табысты инвестиция түрінде өндіріске қайтадан салады. Пайда бұрынғыдан да өсе түседі, осылайша шексіздікке дейін кете бе- реді. Инвестициялардың алуан түрлі болуы: құрал-жабдықтар сатып алуға, ғылыми зерттеулерге, жаңа өнімдер шығаруға салынуы мүмкін, әйтеуір қайткенде де, олар өндіріс көлемін ұлғайтып, қомақты табыс табуға ықпал етеді. Ж аңа капиталиста нанымның бірінші, қастерлі қа- ғидасы: «Өндірістен түскен табысты өндірісті кеңейтуге салу қажет». Сондықтан да капитализм - «капитализм» деп аталған. «Капитал- дың» байлықтан айырмашылығы бар. Капитал дегеніміз - ақша, мү- лік және өндіріске жүмсалатын ресурстар. Байлық топырақ астында қалады немесе болмайтын дүниеге жүмсалады. Қазынасындағы қа- ражатының бәрін пайдасыз пирамидаларды салуға шашқан перғауын