&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лық жағдайға жақындап қалған шығармыз. Ал сингулярлықтың арғы



Pdf көрінісі
бет455/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лық жағдайға жақындап қалған шығармыз. Ал сингулярлықтың арғы
жағында біз үшін енді ештеңенің мән-маңызы болмай қалады.
Франкенштейннің көріпкелдігі
1818 жылы Мэри Шелли «Франкенштейн» атты романын жария-
лады, оның кейіпкері - жас ғалым жасанды адам жасайды, ал ол ба-
қылаудан шығып кетіп, талай нәрсені бүлдіреді. Соңғы 200 жыл ішінде
осы хикая сан алуан нұсқада үсті-үстіне қайталап айтылумен келеді.
Ол біздің жаңа ғылыми мифологияның өзекті тақырыбына айналды.
Бір қарағанда, Франкенштейн туралы миф Құдайдың рөліне енуге ты-
рысып, тіршіліктің соны пішімін жасаудың ауыр жазасы барын ескерте-
тін тәрізді. Әйтсе де, мүнда одан да тереңірек мағына жатыр.
Франкенштейн туралы миф Homo Sapiens-Y көп ұзамай бітетін тарих
шындығына апарып тірейді. Ядролық немесе экологиялық апат болма-
са, онда технологиялардың қарыштай дамуы таяуда Homo Sapiens-тің
орнын мүлдем басқа, дене түрпаты, когнитивті және эмоциялық сипаты
өзгешелеу тіршілік иесі басады деген ойды аңғартады. Sapiens-тер осы
ойға алаңдайды. Болашаққа өзіміз сияқты адамдар әбден жетілдірілген
ғарыш кемелерімен ғаламшардан-ғаламшарға ұшып жүрсе ғой деген ой
бізге майдай жағады. Ой жүйесі мен сезім ауаны өзімізге ұқсас ешкім
қаламайтын, орнымызды қабілет-қарымы мен мүмкіндіктері бізден бір-
неше есе жоғары, әлдеқайда жетік дамыған әрі икемділігі тіршілік иелері
басатын болашақты көзге елестеткіміз келмейді.
Өзімізді іштей жұбатамыз: «доктор Франкенштейн тағы да бір құ-
быжық жасай қалса, адамзаттың қамы үшін оны құртып жіберуімізге
тура келеді» деп. Сюжеттің осы нұсқасы көңілімізді көншітеді, өйткені
біз жасампаздықтың жалаугері болып қала береміз. Ешқашан бізден
биік ештеңе болған емес және болмайды да! Адамды жетілдіре түсуге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет