көрінбеді: өткір тісі де, білемделген бүлшық еті де жоқ. Африка мен Азияның жануарлары адамның шын мәнінде көзге көрінген кейпінен әлдеқайда қауіпті екенін өз тәжірибелері арқылы сезінді. Алпамсадай қалталы сүтқоректі дипротодон алдына келген үсақ маймылды алғаш көрген кезде көзін жыпылықтатып, жапырағын күйсей берді. Тіпті ал- ғашқы шабуылдан кейін де үйірлестеріне тосын қатер туралы ескерте алмады. Адамға үйрену үшін жануарларға біршама уақыт керек, ал олар үлгере алмады: бәрі қүрып кетті. Екінші түсіндірме: Австралияға жеткен sapiens-тер жаппай от қол- данатын еді. Үрейлі, бейтаныс ортаға тал келген адамдар ну жыныс- тар мен қалың ормандарды әдейі өртеді. Олар аң аулауға қолайлы ашық алаңдар жасады. Осылайша, бірнеше мыңжылдықта адамдар Австралияның ауқымды жер аумағының экологиясын өзгертіп жіберді. Мүндай болжамды, өсімдіктердің қазып алған қалдықтары да рас- тайды. 45 мың жыл бүрын эвкалиптер Австралияда көп өспейтін еді, бі- рақ Homo sapiens-тің келуіне байланысты бүл ағаштың мерейі асты. Басқа ағаштар мен бүташықтарды тықсырып, олар барлық жерге жайыла өсті. Мүндай өзгеріс өсімдіктермен қоректенетін жануарларға да, шөп- қоректілермен қоректенетін жыртқыштарға да әсерін тигізді. Эвкалипт жапырағын ғана жейтін коалалар үздіксіз күйсеп, жаңа жерлерді ра- қаттана игере берді. Жануарлардың басқа түрлері бұған еш қуана ал мады, көпшілігі жаппай қырылды. Негізгі азықтізбегі үзіліп, осал буын- дары жойылып кетті5. Үшінші жорамал фаунаның қырылуына аңшылықтың да, от жағу- дың да ықпалы болғанын мойындай отырып, климат факторын алға тартады. Австралияда 45 мың жыл бұрын болған климаттық өзгеріс- төр экожүйені тұрақсыздандырып, әлсіретті. Әдөттегі жағдайларда