гөрі апатты Африка саванналарының жағдайына бейімделген Homo sapiens алғырлығының арқасында Сібірде де тығырықтан жол таба білді. Солтүстікке ойысуға байланысты көшпенді sapiens-тердің үлкен тобы қысқы аяқкиім жасауды үйренді, теріні пайдаланып, күдері мен былғарыны қабаттай, дене жылуын сақтайтын киімдер тікті. Мамонт- тар мен Сібірдің басқа да ірі жануарларын жайрататын жаңа қарулар мен күрделі аңшылық тәсілдерін ойлап тапты. Киім үлгілері мен аң- шылық тәсілдерін жетілдіру арқылы sapiens-тер Солтүстіктің қиырына, мұзды аймақтарға бойлай енуден тайсалмады, олардың киімдері мен аңшылық стратегиясы, тіршілік ету дағдылары бұрынғыдан да кемел- дене берді. Ал мұндай күш жұмсаудың керегі не еді? Шынымен адамдар Сібірді өз еріктерімен мекендеді ме? Кей тайпалар соғыстан, демографиялық мәселелерден немесе табиғи апаттардан қашып келген шығар? Әйтсе де бұл аймақтың өзіне тән артықшылықтары бар, ең алдымен, азығында ақуыз мол еді. Арктикада еті дәмді ірі жануарлар, әсіресе солтүстік бұғылары мен мамонттар тіршілік ететін. Эр мамонт аңшы үшін аяғымен жүрген дүйім ет дүкені іспетті еді. Мәңгілік мүздақ жағдайында ет үзақ сақталды, адамдар дәмді майға, жылы тері мен бағалы мамонт сүйегіне қарқ болды. Сүңгірден табылған олжа мамонт аулаушылардың күнелтіп қана қоймай, тұрмыстары гүлденіп, көркейгенін көрсетеді. Мамонттарды, мастодонттарды, жүндес мүйізтұмсықтар мен бұғыларды аулаушылар біртіндеп бүкіл Сібірді жайлай бастады. Шамамен б.з.д. 14 мыңыншы жылдары әлдебір тайпа аң аулап, олжа қуып, Сібірдің солтүстік-шығысынан Аляскаға өтіп кетеді. Әрине, тап сол сәтте олар жаңа әлемді ашып жатқандарын